Get Mystery Box with random crypto!

«10 жылдан бері Қазақстанда Coca-Cola Белестерi жобасы жұмыс і | Coca-Cola Белестері

«10 жылдан бері Қазақстанда Coca-Cola Белестерi жобасы жұмыс істеп келе жатыр, бес жылдан бері облыстық және республикалық деңгейде ауыл әйелдерінің Форумдары өткізіліп келеді.

Ұйымдастырушылар – екі үкіметтік емес ұйым: «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қоры мен «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» бүгінгі таңда азаматтық қоғамның қалай жұмыс істеуі керек екендігінің үлгісін көрсетті.

Бұл ұйымдар аз адамнан тұрады, бірақ олар осы жылдар бойы өте үйлесімді жұмыс істеді және мемлекет бюджетінен бірыңғай қолдаусыз кез келген жүйелі, тұрақты дәйекті жұмыс міндетті түрде нәтиже беретінін көрсете алды.

Менің ойымша, олардың жұмысы үкіметтік емес ұйымдар үшін үлгі болады және қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге қызмет етеді», – Майра Айсина, ауыл әйелдері Форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдардарының депутаты