Get Mystery Box with random crypto!

АБҚО | ЦПГИ | CISC

Telegram арнасының логотипі ciscrq — АБҚО | ЦПГИ | CISC А
Telegram арнасының логотипі ciscrq — АБҚО | ЦПГИ | CISC
Арна мекенжайы: @ciscrq
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 369
Арнадан сипаттама

НАО "Центр поддержки гражданских инициатив" создан с целью совершенствования механизма взаимодействия государства и НПО в Казахстане, обеспечения большей степени прозрачности грантодающей деятельности.

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 9

2021-06-20 09:55:45 Құрметті достар!

Ертең, 21 маусым, сағат 15:00-де «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Баймолдинов «ҮЕҰ үшін мемлекеттік грант беру бойынша онлайн консультация» атты тікелей эфир өтеді.
Шара барысында спикер алдағы конкурстың жобалары туралы және онлайн режимінде сіздердің сұрақтарыңызға жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, 7 маусымда ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды.

Конкурс 22 тақырып және 12 бағыт бойынша жарияланды.
Конкурстың тақырыптары және қатысу шарттары келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://clck.ru/VWpCW.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:


Өтінімнің ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкестік чек-парағымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://cisc.kz/vopros-otvet/.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 2 шілде сағат 18:00-ға дейін жалғасады.

________________________

Уважаемые друзья!

Завтра, 21 июня, в 15:00 часов, на площадке Центра поддержки гражданских инициатив в прямом эфире на нашей странице в Facebook заместитель председателя Комитета по делам молодежи и семьи МИОР Кайрат Баймульдинов проведет разъяснительную беседу, касающуюся конкурса на предоставление государственного гранта для НПО.
В ходе беседы спикер расскажет о проектах предстоящего конкурса и в режиме онлайн ответит на ваши вопросы.

Напоминаем, что 7 июня начался прием документов для участия в конкурсе на предоставление государственных грантов для НПО.
Конкурс объявлен по 22 темам и по 12 направлениям.
С темами и подробными условиями конкурса можно ознакомиться по следующей ссылке: https://clck.ru/VWeTf.
С перечнем документов, требуемых для участия в конкурсе на предоставление государственных грантов, можно ознакомится по следующей ссылке:


С чек-листом соответствия заявки требованиям правил предоставления грантов для НПО можете ознакомится по этой ссылке: https://cisc.kz/ru/vopros-otvet/.
Прием заявок продлится до 18:00 часов 2 июля 2021 года.
74 views06:55
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 09:46:36 Также в рамках проекта организованы встречи с успешными женщинами Казахстана, которые поделились своими опытом и знаниями. Так, 16 июня прошла последняя встреча с успешными женщинами Казахстана. Спикером выступила основатель бренда Mimioriki Инна Апенко.
Атташе по культуре Посольства США в городе Нур-Султан Ора Амбер поздравила организаторов и участниц с завершением проекта и поблагодарила за активное участие в реализации «Fashion Girls in Business»:
«Выражаю благодарность за интерес и участие в проекте, обучающем основам предпринимательства. Надеюсь, участницы получили необходимые знания о бизнесе, которые помогут начать свое дело».
По словам О. Амбер цель проекта заключалась в том, чтобы расширить кругозор участниц в бизнесе и показать пути к успеху. Кроме того, в ходе проекта участницы познакомились с американской классической литературой и с культурой США.
В конкурсе по пошиву костюмов к театральной постановке приняли участие 5 команд. Костюмы, а также саму театральную постановку подготовили сами участницы проекта «Fashion Girls in Business».
По итогам конкурса каждая из участниц, представляющая команду победителя, получила подарочный сертификат в швейный магазин размере 45 тысяч тенге, остальные участницы проекта получили сертификаты на 19 тысяч тенге.
Под руководством Майи Темирбулатовой мероприятие завершилось небольшим показом коллекции «Томирис» от студентов Профессионально-технического колледжа г. Нур-Султан.
#girlpower #womanempowerment #girlboss #FashionGirlsinBusiness #cisc #nonstatefunding #usembassy #usembassykz #federalgrant #americancornerskz
47 viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 09:46:36 "Fashion Girls in Business" жобасы аяқталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің "Америкалық бұрыштар" бағдарламасымен өзара әріптестікте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы іске асырған "Fashion Girls in Business" жобасы театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсымен аяқталды.
Қатысушыларды қолдауға Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігінің өкілі-Мәдениет жөніндегі атташе Ора Амбер, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру жөніндегі жобалық кеңсесінің директоры Айгерім Кәрімова келді.
Сонымен қатар, Red Point Kazakhstan компаниясының директоры Әсел Қожақова, TSE Art Destination галереясының арт директоры Бауыржан Сағиев және Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің грант менеджері Зарина Кәрімова қазылар алқасына шақырылды.
"Fashion Girls in Business" жобасының қатысушылары тігін ісі/өндіріс және модельдеу саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінің студенттері қатысты. Жоба 5 айға созылды, оған қатысушылар бизнес-жоспарлау, маркетинг, сату және коммуникация, сондай-ақ сән тарихы сияқты бағыттар бойынша семинар-тренингтер форматында 12 сағаттық дәріс алды.
Сондай-ақ, жоба аясында Қазақстанның табысты әйелдерімен кездесулер ұйымдастырылып, олар өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Соңғы кездесу 16 маусымда өтті. Спикер ретінде Mimioriki брендінің негізін қалаушы Инна Апенко сөз сөйледі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Ора Амбер ұйымдастырушылар мен қатысушыларды жобаның аяқталуымен құттықтап, "Fashion Girls in Business" жобасын іске асыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді»:
"Кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жобаға қызығушылық танытып, қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Қатысушылар өз ісін бастауға көмектесетін бизнес туралы қажетті білім алды деп үміттенемін".
О. Амбердің айтуынша, жобаның мақсаты-қатысушылардың бизнестегі ой-өрісін кеңейту және табысқа жету жолдарын көрсету. Сонымен қатар, жоба барысында қатысушылар американдық классикалық әдебиетпен және АҚШ мәдениетімен танысты.
Театрлық қойылымға костюмдер тігу конкурсына 5 команда қатысты. Костюмдерді, сондай-ақ театрлық қойылымды "Fashion Girls in Business"жобасына қатысушылардың өздері дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз командасын ұсынған қатысушылардың әрқайсысы тігін дүкеніне 45 мың теңге көлемінде сыйлық сертификатын алды, жобаның қалған қатысушылары 19 мың теңгеге сертификат алды.
Майя Темірболатованың жетекшілігімен іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының кәсіптік-техникалық колледжінің студенттерінен құралған "Томирис" топтамасының шағын көрсетілімімен аяқталды.
_______________________
Завершился проект Fashion Girls in Business»
Конкурс по пошиву костюмов к театральной постановке завершил проект «Fashion Girls in Business», который реализован Центром поддержки гражданских инициатив в партнерстве с программой «Американские уголки» посольства США в городе Нур-Султан.
Поддержать участниц конкурса пришли представитель Посольства США в города Нур-Султан – атташе по культуре Ора Амбер, а также директор Проектного офиса по негосударственному грантовому финансированию Центра поддержки гражданских инициатив Айгерим Каримова.
Кроме того, директор компании Red Point Kazakhstan Асель Кожакова, арт директор галереи TSE Art Destination Бауржан Сагиев и грантовый менеджер Посольства США Зарина Каримова в городе Нур-Султан приглашены в жюри.
Участницам проекта «Fashion Girls in Business» были студентки колледжей города Нур-Султан, обучающиеся по образовательным программам в сфере швейного дела/производства и моделирования. Проект длился в общей сложности 5 месяцев, за которые участницы прошли более 12 часов обучения в формате семинаров-тренингов по таким направлениям как бизнес-планирование, маркетинг, продажи и коммуникации, а также история моды.
39 viewsedited  06:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-18 09:46:31
37 views06:46
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 17:38:30 Отметим, именно запрос со стороны неправительственного сектора на получение консультаций, методологической помощи, разъяснений в одной точке стал причиной создания на базе Центра Республиканского центра поддержки НПО.
Предполагается, что такой формат работы с гражданским сектором поспособствует эффективному и оперативному решению растущих запросов гражданского общества.
#CISCkz #ЦПГИкз
58 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 17:38:30 ҚР Парламентінің депутаттары ҮЕҰ Республикалық қолдау орталығымен танысты
Бүгін, 17 маусым күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Қанат Нұров, Дания Еспаева, Тілектес Адамбеков, Айгүл Құспан, Ирина Унжаковамен бейресми кездесу өтті.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Б. Тілепов ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жалпы азаматтық қоғамды дамыту саласында жетілдіру бойынша қандай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
Ол, ҚР Парламенті Мәжілісіне волонтерлік және қайырымдылық қызмет, гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын енгізу жоспарлануда екендігін айтты.
Кездесу аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас орталықтың жұмысымен таныстырды.
"Бүгінгі таңда Орталық тоғыз бағыт бойынша 30 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Әлеуметтік жобалар азаматтардың денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, жастар бастамаларын қолдауға, азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесуге бағытталған", - деп түйіндеді Л.Диас.
Сонымен қатар, Л.Диас гранттық қаржыландыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге, гранттық жобалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды енгізуге, жергілікті және халықаралық донорлық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа, оқыту және консультация беру арқылы ҮЕҰ әлеуетін арттыруға бағытталған Орталықтың гранттан тыс қызметі туралы айтып берді.
Мәжіліс депутаттары азаматтық бастамаларды қолдау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыда жетілдіру бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева:
«Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылған кезде, оның алдында, депутаттар үшін осындай форматта кездесуді ұйымдастыру керек, олар біз сияқты салаға үңіліп, терең түсіну тиіс».
Б.Тілепов үкіметтік емес сектор тарапынан консультациялар, әдіснамалық көмек, түсіндірмелер алуға сұраныс — АБҚО негізінде Республикалық ҮЕҰ қолдау орталығын құруға себеп болғанын атап өтті.
Коворкинг орталық форматы азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан сұраныстарын тиімді және жедел шешуге ықпал етеді деп болжануда.
______________________________
Депутаты Мажилиса посетили Республиканский центр поддержки НПО
Сегодня, 17 июня, на площадке «Центр поддержки гражданских инициатив» прошла неформальная встреча с депутатами Мажилиса Парламента РК Верой Ким, Канатом Нуровым, Данией Еспаевым, Тлектесом Адамбековым, Айгуль Куспан, Ириной Унжаковой.
Вице-министр информации и общественного развития РК Б.Тлепов рассказал о проводимой работе по взаимодействию с НПО и в целом о системной работе по совершенствованию сферы развития гражданского сектора.
Так, он отметил, Министерством планируется в Мажилис Парламента РК внести законопроект по вопросам волонтерской и благотворительной деятельности, грантовому финансированию.
Так, в рамках встречи председатель Правления Центра поддержки гражданских инициатив Лима Диас презентовала деятельность Центра.
"На сегодняшний день Центр координирует 30 социальных проектов по девяти направлениям. Социальные проекты направлены на охрану здоровья граждан, окружающей среду, поддержку молодежных инициатив, содействие развитию гражданского общества», - резюмировала Л. Диас.
Кроме того, Л. Диас рассказала и о внегрантовой деятельности Центра, которая направлена на совершенствование законодательства с сфере грантового финансирования, внедрение общественного контроля за реализацией грантовых проектов, сотрудничество с местным и международным донорским сообществом, повышение потенциала НПО через обучение и консультирование.
В ходе мероприятия депутаты Мажилиса поделились своими мнениями по вопросам совершенствования поддержки гражданских инициатив, в том числе и на законодательном уровне.
Депутат Мажилиса Парламента РК Дания Еспаева:
«Нужно организовать презентацию в таком же формате, когда будет организована рабочая встреча, прям перед рабочей группой, перед депутатами, которые будут вести законопроект, они должны вот так вот, как и мы сесть, вникнуть и почувствовать».
60 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 17:38:13
58 views14:38
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 10:01:09 В рамках Форума будет презентован проект Кодекса о социальном предпринимательстве, а также работа действующих в республике социальных предпринимателей.
Кроме того, в ходе этого мероприятия планируется проведение пленарной сессии и мастер-классов. По итогам Международного форума будет принята Резолюция.

«Мероприятие позволит информировать общественность о социальном предпринимательстве, обсудить и выработать механизмы сотрудничества между государством и предпринимателями, а также выстроить пути решения существующих социальных программ», - сообщают организаторы мероприятия.

Ссылка на Форум будет доступна через Zoom-ссылку: https://us02web.zoom.us/j/82276870687.
Начало мероприятия 18 июня, в 10:00 часов.

Для получения сертификата участия в Международном Форуме «Социальное предпринимательство: новые возможности для общества и бизнеса» и консультаций по социальному предпринимательству необходимо зарегистрироваться по ссылке https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe2LCLogrP_Iz5iWEIuEiGP0fTthm9O5RjXnrBrQw_n2TtYGw/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0&usp=mail_form_link.

#CISCkz #ЦПГИкз
73 views07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 10:01:09 "Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» халықаралық форумы

18-19 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп "Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында халықаралық форум өтеді.

Бір алаңда әлеуметтік кәсіпкерлер, республикалық және аймақтық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдар, ҮЕҰ өкілдері және қоғамдық әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамайтын қамқор адамдар жиналады.

Форумға онлайн және офлайн форматта қатысуға келесі қонақтар мен спикерлер шақырылды:
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас, Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, экономика ғылымының профессоры Мұхамед Юнус (Бангладеш), әлеуметтік инвестициялау және кәсіпкерлік саласындағы жетекші ресейлік сарапшы Сергей Голубев, Израильдің үздік әлеуметтік кәсіпкері Хаим Философ, Тәжікстандағы әйелдер кәсіпкерлігі күнінің амбассадоры Насибахон Аминова, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің, АҚШ Бас консулдығының және Қазақстандағы Израиль елшілігінің өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы Еуразия қорының әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі бағдарламасының директоры Айгүл Тағатова мен Impact Hub Бас директоры Индира Шах, "Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығы" басқармасының төрағасы Бақытбек Сағынәлі (Қырғызстан) және әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров келеі деп күтілуде.

Форум аясында әлеуметтік кәсіпкерлік туралы кодекс жобасы, сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлердің жұмысы таныстырылады. Сонымен қатар, осы іс-шара барысында пленарлық сессия мен мастер-кластар өткізу жоспарлануда. Халықаралық форумның қорытындысы бойынша Қарар қабылданады.

"Іс - шара халықты әлеуметтік кәсіпкерлік туралы хабардар етуге, мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін талқылауға және әзірлеуге, сондай-ақ қолданыстағы әлеуметтік бағдарламаларды шешу жолдарын құруға мүмкіндік береді", - деп хабарлайды іс-шараны ұйымдастырушылар.

Форумға қатысу Zoom сілтемесі арқылы қолжетімді: https://us02web.zoom.us/j/82276870687.

Іс-шара 18 маусымда сағат 10:00-де басталады.
"Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер" халықаралық форумына қатысу сертификатын алу және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша консультациялар үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe2LCLogrP_Iz5iWEIuEiGP0fTthm9O5RjXnrBrQw_n2TtYGw/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0&usp=mail_form_link.
_______________________________

Международный Форум «Социальное предпринимательство: новые возможности для общества и бизнеса»

18-19 июня т.г. по инициативе акимата Жамбылской области совместно с Министерством труда и социальной защиты Республики Казахстан состоится Международный Форум «Социальное предпринимательство: новые возможности для общества и бизнеса».

На одной площадке соберутся социальные предприниматели, члены представительных и исполнительных органов национального и региональных уровней, представители НКО и неравнодушные люди, которым небезразличны общественные социальные проблемы.

К участию в Форуме в онлайн и офлайн форматах приглашены гости и спикеры:
председатель Правления Центра поддержки гражданских инициатив Лима Диас, лауреат Нобелевской премии в области социального предпринимательства, профессор экономики Мухамед Юнус (Бангладеш), ведущий российский эксперт в области социального инвестирования и предпринимательства Сергей Голубев, лучший социальный предприниматель Израиля Хаим Философ, амбассадор дня женского предпринимательства в Таджикистане Насибахон Аминова, а также представители Европейского Банка реконструкции и развития, генерального консульства США и посольства Израиля в Казахстане.

Кроме того, ожидается участие Директора программы по социальному предпринимательству Фонда Евразии в Казахстане Айгуль Тагатовой и Генерального директора Impact Hub Индиры Шах, председателя Правления «Ассоциации социальных предпринимателей» Бакытбека Сагынали (Кыргызстан) и социального предпринимателя Эмина Аскерова.
67 views07:01
Ашу / Түсініктеме
2021-06-17 10:01:03
62 views07:01
Ашу / Түсініктеме