Get Mystery Box with random crypto!

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) 'Шеврон' компаниясымен сер | АБҚО | ЦПГИ | CISC

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) "Шеврон" компаниясымен серіктестікте "Qolda 3.0" конкурсының үшінші кезеңі басталғанын хабарлайды.
«Qolda 3.0» конкурсына қатысуға Шымкент пен Қазақстанның 14 облысында төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсететін, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешетін және волонтерлік қызметті дамытатын үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.
Әр түрлі зорлық-зомбылықтың, соның ішінде әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты әлімжеттіктің алдын-алу және профилактикасы (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);
Аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халыққа ақпарат беру мен қолдаудың ұзақ мерзімді және онлайн шешімдерін әзірлеу, аймақтық ҮЕҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру, аймақтарда волонтерлікті дамыту (грант мөлшері 5 млн. теңгеге дейін);
Эко-волонтерлікке және экологиялық тәрбиеге бағытталған жобалар (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін);
Дағдылар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін дамыту және микро және нано бизнесті бастау жобалары (грант мөлшері 3 млн. теңгеге дейін);
Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты адвокаси жобаларын қолдау (грант мөлшері 4 млн. теңгеге дейін).
Конкурсқа қатысу үшін https://qolda.org/. сайтында өтінім толтыру қажет.
Өтінім жіберу мерзімі 2021 жылдың 4 шілдесі сағат 23.00 дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен). Нәтижелер 2021 жылдың 15 шілдесінде жарияланады.
Сұрақтар туындаған жағдайда, Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) келесі электрондық пошталарына жіберулеріңізді сұрайды: AzharN@ef-ca.org, Aliya@ef-ca.org, https://t.me/Qolda_project.
«Qolda 3.0» үшінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға тиісті назар аудару және өткір әлеуметтік мәселелерді шешу әлеуетін көтеруге көмектесуді көздейді.