Get Mystery Box with random crypto!

Сүре әл-Хадид [Темір] Аят 3-4 Әууәл де Өзі, Ахир де Өзі, Заһи | bymihrab | Quranic design 🎬

Сүре әл-Хадид [Темір] Аят 3-4

Әууәл де Өзі, Ахир де Өзі, Заһир да Өзі, Батин да Өзі. Ол барлық нәрсені лайықты түрде біледі.

Аяттың алғашқы бөлігінде Алланың төрт бірдей көркем есімі аталады. Олар: Әууәл – Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған ұлы Жаратушы. Ахир – Өзінен кейін еш нәрсе болмайтын ұлы Жаратушы. Заһир – Өзінен жоғары тұратын һәм Өзін толық меңгере әрі қамти алатын еш нәрсе болмаған ұлы Жаратушы. Батин – бұл дүниеде ешкімнің көзі де, қиялы да жетпейтін ұлы Жаратушы.
Әсілі, осынау көркем есімдерден Алланың уақытқа да, мекенге де тәуелді емес екенін, сондай-ақ Одан басқаның бәрі уақыт пен мекенге тәуелді, яғни сол екеуімен шектеулі екенін түсінеміз. Өйткені Алла еш нәрсе болмаған кезде де бар еді және барлық нәрсе жоқ болғаннан кейін де бар болады.

Оқыған: Muhammad Obada