Get Mystery Box with random crypto!

Сүре әл-Исра [Түнгі сапар] Аят 36-38 Өзің нақты білмейтін нәр | bymihrab | Quranic design 🎬

Сүре әл-Исра [Түнгі сапар] Аят 36-38

Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа)! Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады.

Сондай-ақ жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң да күш-қуатың, білімің және қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір, жерді жара алмайсың, тауларменен де бой теңестіре алмайсың!

Осындай тыйым салынған жаман істердің барлығы Раббыңның алдында (немесе Раббыңа ұнамайтын) жағымсыз жат қылықтар болып табылады.

Оқыған: Samir Ezzat