Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында аң аулауға шығып, із-түзсіз кеткен ер адам | Bugin.kz

Түркістан облысында аң аулауға шығып, із-түзсіз кеткен ер адамның денесі 10 күннен кейін табылды.

24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзенінде жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені хабарланған еді.

Жалпы іздеу жұмысына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды.