Get Mystery Box with random crypto!

шатастырмаңыз! Do және make- ағылшын тілін үйреніп бастаушы | Оңай ағылшын тілі

шатастырмаңыз!

Do және make- ағылшын тілін үйреніп бастаушыларды үнемі шатастыратын 2 етістік.Өйткені, екеуі бірдей аударылғанмен қолданылу орындары әртүрлі.

Сонымен, қайсысын қай кезде қолданамыз көрейік
Do- жасау. Белгілі бір іс-әрекетке, қозғалыс үшін қолданылады. Яғни, біреу әрекет жасағанда, белгілі бір іспен, жұмыспен айналысқанда, жұмысты орындағанда do қолданамыз:
do homework- үй жұмысын жасау
do the ironing- үтіктеу
do business- бизнеспен айналысу;

Make- жасау. Бір нәрсені қолдан жасап шығару, құрастыру
make a dress- көйлек жасау(тігу)
make food- тамақ жасау
make a choice- таңдау жасау