Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан | БОРТ N1 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын одан әрі дамыту стратегиясымен танысты
Райымбек Баталов Президентке: ҰКП-ны трансформациялау жолдарын таныстырды; микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғаны туралы айтты; Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді; салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспарын таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдап, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.