Get Mystery Box with random crypto!

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир П | БОРТ N1 🇰🇿

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.

t.me/bort_01