Get Mystery Box with random crypto!

Президент: «Биыл Парламент 150 заң жобасын қарады. 79 заң қаб | БОРТ N1 🇰🇿

Президент:

«Биыл Парламент 150 заң жобасын қарады. 79 заң қабылданды. Бұл құжаттар конституциялық реформаны жүзеге асыруға бағытталған. Азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға, бизнесті өркендетуге арналған. Сондай-ақ, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді. Атап айтқанда, бала күтіміне байланысты төлем мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Бұл шара балалардың да, оларға күтім жасаушылардың да әлеуметтік қауіпсіздігін арттырады. Жастар санатының деңгейі 29-дан 35 жасқа дейін өсірілді. Бұл азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларын көбірек алуына мүмкіндік береді. Балаларды кибербуллингтен қорғайтын заңнамалық механизмдер енгізілді»

t.me/bort_01