Get Mystery Box with random crypto!

Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды | БОРТ N1 🇰🇿

Президент «Amanat» партиясын жаңғырту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Асхат Оралов:
Мемлекет басшысының кезектен тыс өткен XXII Съезде партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы;
бірқатар өңірдегі жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде;
негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру мәселелері туралы;
«Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «Talqylau» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады.

Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді.

t.me/bort_01