Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Президенті Ресейдің Омбы облысының губернаторы Алекс | БОРТ N1 🇰🇿

Қазақстан Президенті Ресейдің Омбы облысының губернаторы Александр Бурковты қабылдады

Кездесу барысында сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан өңірлерінің Омбы облысымен арадағы өзара тиімді кооперация мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Омбы облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 380 миллион доллардан асқанын және Қазақстан – Омбы облысының нөмірі бірінші серіктесі екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы жерінде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасын екі жақты байланыстырушы алтын көпір деп атап өтіп, Омбы өңірінде қазақ халқының ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллинді ұлықтағаны үшін облыс әкімшілігі мен тұрғындарына қазақстандықтардың ризашылығы шексіз екенін жеткізді.

t.me/bort_01