Get Mystery Box with random crypto!

Білім тек жеке проблемаларды ғана емес, сонымен қатар жаһандық | Bolashaq Alumni News

Білім тек жеке проблемаларды ғана емес, сонымен қатар жаһандық мәселелерді шешудің негізгі факторы болып табылады. Сондықтан біз балалардың мектепке дер кезінде баруын, сапалы білім алуын қалаймыз.

Біздің «РюкзакPen» қайырымдылық жобамыз қыркүйек айына дейін аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы балаларды барынша көп мектеп құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуді көздейді. Осылайша, балалар оқу жылының басына дейін толық рюкзакпен мектепке баруға мүмкіндік алады. Өткен жылы осы қайырымдылық жоба аясында Шығыс Қазақстан облысынан 50 баланы, Талғар аудан орталағынан 29 баланы бақытты қылған болатынбыз. 2022 жылға да бастапқы межеу ретінде кем дегенде 50 баланы рюкзакпен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.

Сомасы: 1 000 000 теңге
Күні: 13-19 тамыз аралығында

Бір оқушыға арналған РюкзакPen жиынтығы мыналарды қамтиды:
1. Рюкзак
2. Барлық қажетті кеңсе тауарлары (дәптер, қаламдар, қарындаштар, сурет жинағы және т.б.)

Жинау әдісі:
4400 4301 1063 5122 (Арай Т.) - Kaspi Gold
+7 705 252 06 74

Жобаның соңында қорытынды есеп беріледі.

Әрбір бала кім екеніне және қайдан шыққанына қарамастан, білім алу үшін ең жақсы жағдайларға лайық.

Құрметпен,
«Болашақ» ҚФ, Алматы қаласындағы «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарының қауымдастығы.