Get Mystery Box with random crypto!

«Болашақ» бағдарламасының түлектері оқу бітіргеннен кейінгі өм | Bolashaq Alumni News

«Болашақ» бағдарламасының түлектері оқу бітіргеннен кейінгі өмірлері туралы өз оқиғаларымен бөлісті.
Ұлан Қайырбеков – OLX Kazakhstan бас директоры, Naimi.kz стартапының құрылтайшысы. Сингапурдағы Nanyang Technological University-де «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Computer Sciencе» мамандығын бітірген.

Ұлан «Болашақ» бағдарламасы туралы таныстары арқылы біліп, армандаған - Наньян технологиялық университетіне оқуға түседі.

Сингапурда оқығаннан кейін ұлттық компанияларда және мемлекеттік қызметте әр түрлі лауазымдарда, алғаш ҚР-ның Электрондық үкіметінде junior-тестілеушіден бастап, ҚР-ның Қаржы министрлігі IT дамыту басқармасының басшысына дейін қызмет жасаған.

Ұлан үшін алғашқы ірі онлайн-жоба Naimi.kz - әртүрлі қызмет салаларының мамандарын іздеуге арналған маркетплейс жобасын жүзеге асырды. Компания 2015 жылы құрылған және бүгінгі күні $2 миллионнан астам инвестиция тартты.

Қазіргі уақытта Ұлан елдегі ең ірі және ең көп кіретін OLX Kazakhstan интернет-жобаларының бірін басқарады. ___  
Ғалым Байтымбетов – Ұлыбританиядағы University College London оқу орнынан «Инновация және кәсіпкерлік инженерия» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Ғалым UCL-де оқып жүргенде кампуста ішетін ауыз су фонтанын жиі қолданатын.  Осы орайда, Қазақстанда ауыз су фонтанын және басқа да заманауи су беру тәсілдерін дамыту арқылы сапалы ауыз судың қолжетімді болғанын қалады. Содан кейін ол болашақ жары Айжанға Стартапты жүзеге асыруға ұсынды.

Сол жылы «AquaPoint» жобасы «Cәби» қайырымдылық қорының «Өз бизнесіңді аш» және «Bolashaq» Қауымдастығының «Startup Bolashak-2» шағын бизнеске арналған байқауларында жеңімпаз атанып, алғашқы 20 000 $ және 10 000 $ алды.

Бес жыл ішінде олар мектептерде, спортзалдарда, кеңселерде және басқа да қоғамдық орындарда инновациялық AquaPoint ауыз су құрылғыларын орнатумен қамтамасыз еткен. Компанияда жыл сайын Қазақстан бойынша жеті миллион литрден астам таза ауыз су тарататын 600-ден астам ауыз су фонтаны бар.
2021 жылы Ғалым Байтымбетов Қазақстандағы Британдық жоғары оқу орындарының түлектері үшін British Council ұйымдастырған UK Alumni Award 2021 Kazakhstan - Entrepreneurial Award жеңімпазы атанды.
___
Болат Сұлтанқұлов - Генетик кәсіпкер. Ноттингем университетін «Генетика облысы ғылымдары» бакалавры мамандығы бойынша бітірген, Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің PhD-бағдарламасының түлегі.
Болат бірнеше компанияларға иелік етеді. Оның жұмыс бағыттарының бірі - жасушалық терапия, тыртықтарды емдеу әдістерін жасау және пациенттердің өз жасушаларын қолдану арқылы жасару. Екіншісі - коронавирусты анықтауға арналған жедел тест-жүйелерді әзірлеу.

2017 жылы жасаған еңбектері үшін әріптестерімен бірге «Ғылым көшбасшысы-2017» атағын алды.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері, оның ішінде басқа да табысты бизнесмендер Қауымдастық құрамына кіреді. Олар нетворкинг құрып, білім алмасып, бір-біріне көмектеседі. Сіз де оған қосыла аласыз!