Get Mystery Box with random crypto!

Ұзақ мерзімді қарым-қатынас. Шындығына келсек, серіктесің шын | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Ұзақ мерзімді қарым-қатынас.

Шындығына келсек, серіктесің шынымен жаныңа жақын болып кеткен кезде ғана ұзақ мерзімді қарым-қатынаста мағына болады.

Сен оның жүріс-тұрысын зерттедің, көңіл-күйін сезесің, барлық сырын білесің. Сен одан не күту керектігін және белгілі бір жағдайда қалай әрекет ету керектігін білесің. Оның әлсіздігі мен кемшіліктері сені тек күлімсіретіп, қандай да бір жылулық сезімін тудыртады. Сен оған өзімсінген түрде: «бұл жолы не бүлдірдің?» деп сұрақ қоя аласың. Таң қалдыратын артық әрекеттерді жасауды доғарасың да, тек өз-өзіңмен боласың. Сені әлдене үшін емес, жай мына өзің үшін жақсы көретінін түсінесің. Және бұл көңілге жағымды бола түседі. Сен сол адамның жанында өмір сүресің. Ал сен үшін ең бастысы - жұбың екеуінде бәрі жақсы болуы.

Тұрақты қарым-қатынас жауапты нәрсе, тіпті оңай емес, бірақ бұл соған тұрарлық, өйткені тек сонда ғана олардың болашағы бар.


#аударма_мақала