Get Mystery Box with random crypto!

Балалық шағымның куәсі болған бұрынғы тұрған үй жағыма барып қ | 📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША

Балалық шағымның куәсі болған бұрынғы тұрған үй жағыма барып қайтқам жақында. Ол жақтан көшкенімізге биыл тура 7 жыл. (Шамасы, мен 10 сынып бітіргенде көшіп кеттік.) Уақыт неткен тез еді.

Иә, әлгі, сол барғанымда біртүрлі күйзеліп қалдым. Жаз бастала балалардың айқай-шуы мен күлкісі жер жаратын біздің қазір аула меңіреу күйде. Бір ойын баласы көзіме көрінсе ғой. Көрінбеді... Бес қабатты үйдің (Жэковский үй ғой) сыртқы сипаты да сиықсызданып кетіпті. Айналасына шөптер өсіп кеткен. Ал біздер бұрын таласып міндетін әткеншектер, керемет орындық болатын балондардың біреуі де жоқ. Футбол алаңы да құдды төбеден бомба түскендей тып-типыл. (Столбадағы біздің наклейкаларымыз болар болмас көрінеді)

Есіме балалық шағым түсіп кетті. Бала кезгі достарым, біз ойнаған ойындар, алмаға барғанымыз, речкаға велосипедпен кететініміз, түнде бір-бірімізге қорқынышты әңгіме айтатынымыз, не керек, тауыса алмаймын, бәрі-бәрі есіме түсіп кетті... (Ал қазір сол қызықтың қайда бәрі?)

Эх, сол ойнап жүрген кездерімізде ешкімді де балалық шағымыздың қашан аяқталатыны ойландырмапты ғой. Өскенше бірге болатындай болып көріндік. Сөйтіп не керек, бәрі біртіндеп басқа жаққа көше бастады. Содан ортамыз азая бастады. (Басқа жаққа көшіп кететін адамды біздің санамыз автоматты түрде өлдіге балап жіберетін. Енді, ол кезде ватсап, инста, жалпы қолжетімді байланыс болмады сол досымызбен хабар алатындай) Әрі бізде сол кезде жоғары сыныпқа көшу үдерісі басталған-тұғын. Ол да әсер еткендей, меніңше, балалықтың аяқталуына.

Гүлдей жайнаған ауламыздың соңғы ойын ұрпағы біз болыппыз екен... Өте өкінішті. Қош бол, қайта оралмас балалық дәурен, бәрі үшін рақмет!

P.S.: Қазір ойлап отырсам, менің нағыз балалық шағым 2007-2013 жыл аралығында өткен екен. Кейінгі 2015 ке дейін таза френдзона. Сосын көштік те кеттік. 11 сынып басталды, жүрдім содан ЕНТ деп. (Охохо, мына жерде новая история басталады, оны кейін айтып беремін)