Get Mystery Box with random crypto!

Бірге тексерейік!

Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік! Б
Telegram арнасының логотипі birgeteksereik — Бірге тексерейік!
Арна мекенжайы: @birgeteksereik
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 91

2021-05-27 15:30:01
Facebook коронавирустың қолдан жасалғаны туралы посттарды өшіруден бас тартты
58 views12:30
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 14:20:57
WhatsApp Үндістан үкіметін сотқа берді
90 views11:20
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 12:09:39
ҚХР көңіл-күйді анықтайтын камераны ұйғырларға сынаған
127 views09:09
Ашу / Түсініктеме
2021-05-27 09:01:15
Зейнет жасын арттыру мүгедек халық санын көбейте ме?
129 views06:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 17:17:46 Төрт құттықтауға - миллион теңге. “Ханның қызының” пиары қанша тұрады?

Әкімнің құттықтауларына миллион теңге жұмсайтын қай әкімдік екенін білесіз бе? Ras Aitamyn Қызылорда облысы әкімдігінің пропагандаға қанша ақша жұмсайтынына үңілді.

Қызылорда облысының әкімдігі 2020 жылы Nur.kz порталымен 23,6 млн теңгеге үш келісімшарт жасасты. 10 млн теңгенің келісімшарты бойынша берілген есепке қарағанда, портал әкім қызметін жан-жақты насихаттаған. Бастапқыда бұл Қуаныш Ысқақовтың пиары еді. Nur.kz Ысқақовтың сауда нүктелерін аралап, қазақстандықтарды амал мерекесімен құттықтағанын жазды. Кейін Ысқақов ұсталып, алаяқтық үшін сотталған соң, ақпарат құралдары бірден жаңа әкім - Гүлшара Әбдіхалықованың жұмысын насихаттауға көшті.

Nur.kz Әбдіхалықованың қызметін белсенді көрсете бастады. Мысалы, бірде Әбдіхалықова 180 отбасыға пәтер кілтін табыс етсе, енді бірде 100 жасқа толған ардагерді құттықтады.

Тіпті әкімнің Жаңақорған ауданына жұмыс сапармен барғанын да жазған. Әкім туралы порталға шыққан әр ақпаратқа 166 мың теңге төленді.

2020 жылы Қызылорда облысының әкімдігі Tengrinews.kz порталымен 11 млн теңгеге келісімшарт жасасты.

Қызылорданың салық төлеушілері облыс әкімі аймақтың дамуы туралы баяндады, Тоқаевтың жолдауын талқылады, 160 отбасыға пәтер кілтін табыстады, облыс тұрғындарына мәлімдеме жасады деген ақпараттарға ақша төледі. Кейін облыс әкімі “ковидпен күрес” бойынша тұрғындарға арнап мәлімдеме жасады, және тағы да мәлімдеме жасады деген ақпараттарға ақша төленді. Әр ақпаратқа 275 996 теңге төленді. Сонда үш мәлімдемеге бюджеттен 828 мың теңге төленген.

Әбдіхалықованың құттықтауларына да салық төлеушілердің ақшасы жұмсалды. Әуелі Әбдіхалықова 99 жастағы соғыс ардагерін құттықтады, артынша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған, Көп ұзамай полицейлерді де кәсіби мерекемен құттықтады. Араға екі күн салып журналистерді кәсіби мерекемен құттықтаған. Осы төрт құттықтауға бюджеттен миллион теңге төленген.

Әбдіхалықованың ковидпен күресте белсенді жұмыс істеп жатқанын көрсету үшін Tengrinews-ке ақша төленді:

Гульшара Абдыкаликова посетила медцентры и аптеки Кызылорды
Гульшара Абдыкаликова ознакомилась с работой медучреждений в Кызылорде
Гульшара Абдыкаликова проведала пациентов районной больницы в Жанакоргане

Айтпақшы, Әбдіхалықова Жаңақорған кентіне барғанда, полиция жолды жауып тастап, тұрғындар барар жеріне жете алмай қалған еді. Ауруханаға жаяу жетіп, оның алдынан облыс әкімі мен көмекшілерін көріп қалған тұрғынның Әбдіхалықоваға жолды жаптыратындай “ханның қызысыз ба?” деп ұрысқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бірақ Nur да, Tengrinews те, әлбетте, тендер есебінен жазылған ақпаратта жолдың жабылып, тұрғындардың жаяулап қалғанын жазбады

Жақында Павлодар облысы әкімдігінің пропагандасын зерттегенде Ras Aitamyn командасы ең қымбат мақалалар “Время” газетіне шығатынын байқаған. 2020 жылы “Время” басылымы Қызылорда облысы әкімдігімен 9 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Былай қарағанда, үлкен сома емес. Бірақ атқарылған жұмыс есебіне қарасақ, шыққан мақала саны көп емес әрі көпшілігіне аз емес ақша төленген.

Атап айтқанда, “Время” газетінде мынандай мақалалар шыққан:

Производство, и никаких гвоздей! (282 500 теңге). Мазмұны: Бірнеше жылдан бері қызылорда облысында ашылады делінген шыны зауыты ақыры жақында ашылады)
Бірақ зауыт сол бойы ашылмады. Енді шенеуніктер зауыт жыл соңына дейін ашылады деп уәде беріп отыр.

Президент поручил - аким сделал (302 500 теңге). Мазмұны: Әбдіхалықова мемлекеттк бағдарламалардың іске асу барысы туралы баяндады. Бүкіл мәтін әкімнің брифингіде оқыған баяндамасына ұқсас)

Откровенный разговор (275 мың теңге) Мазмұны: Әбдіхалықова Antikor Live жобасында сұхбат берген
Біз әкімдік қаралымы көп және материалға көп ақы алатын ақпарат құралдарын ғана қамтыық. Бірақ соның өзі Қызылода облысының әкімдігі әкім приарына көп-көрім ақша жұмсайтынын көрсетті.

Әкмдіктер пропагандасы туралы поcттарды Ras Aitamyn Instagram-парақшасынан көре аласыздар.
147 views14:17
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 17:00:29
Макрон ЕО атынан Протасевич пен Сапегиді босатуды талап етті
129 views14:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 16:01:28
COVID-19 вакцинасында магнитті тартатын микрочип пен метал жоқ. Бұл ешқандай дәлелсіз айтылған сандырақ әңгіме. Аустралияның Биоинженерия және нанотехнология институтының молекулалық вирусологы және ғылыми қызметкері доктор Кейт Чаппелдың айтуынша, COVID-19 вакцинаcында инъекцияға арналған микрочип немесе адамды бақылайтын құрылғы жоқ. Ол бұл туралы AAP FactCheck сауалына жіберген жауабында айтты.

Аустралияның Денсаулық сақтау министрлігі және АҚШ-тың Ауруларды бақылау және қадағалау орталығы да COVID-19 вакцинасында микрочип пен бақылайтын құрылғылар жоқ екенін түсіндірді. Ал Meedan Health Desk сарапшыларының сөзінше, вакцина магнитті тарту үшін көп мөлшерде метал қажет.
185 views13:01
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 15:12:37
Колонияда «жазасын» өтеп жатқан Навальныйға қарсы тағы үш қылмыстық іс қозғалды
153 views12:12
Ашу / Түсініктеме
2021-05-26 11:00:50
87 views08:00
Ашу / Түсініктеме
2021-05-25 17:00:40
Алматы кәсіпкерлері екпе алғандарға әртүрлі жеңілдік ұсынады
156 views14:00
Ашу / Түсініктеме