Get Mystery Box with random crypto!

Twitter журналистер жазбасын жою туралы өтініш көбейгенін хаба | Бірге тексерейік!

Twitter журналистер жазбасын жою туралы өтініш көбейгенін хабарлады

Twitter компаниясы 2021 жылдың екінші жартысында әртүрлі елдің үкіметінен журналистер және жаңалық тарататын парақшалар жариялаған посттарды жоюға қатысты өтініш артқанын хабарлады. Бұл туралы компания жариялаған «20th Transparency Report» есебінде хабарланды.

Компания 2021 жылдың екінші жартысында медиа қызметкеріне немесе басылымға тиесілі 349 аккаунтқа қатысты 326 жазбаны жою туралы сауал алған.

Twitter ақпаратынша, өтініштер саны 2021 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 103%-ке көбейді. Оның ең көбі Үндістан (114), Түркия (78), Ресей (55) және Пәкістан (48) органдарынан түскен.

Бұдан бөлек, «жағымсыз мазмұнды» жою және пайдаланушының жеке ақпаратына қол жеткізу (мәселен, хабарлама) туралы 60 мыңнан астам сауал тіркелген. Twitter бұл сауалдардың шамамен 40%-ін орындаған.