Get Mystery Box with random crypto!

​​Фактчекер сөздігі: Ақпараттық қапшық немесе Фильтр қапшығы ( | Бірге тексерейік!

​​Фактчекер сөздігі: Ақпараттық қапшық немесе Фильтр қапшығы (ағылш. Filter bubble) – әлеуметтік желілерге тән құбылыс. Яғни адам өзінің көзқарасы мен таңдауына қайшы келетін ақпарат алмайды және әлем бейнесін тек біржақты көреді. Оған себеп – қолданушының геолокациясы, оның алдыңғы сұраныстары мен жалпы интернеттегі әрекетіне негізделген дербес іздеу жүйесі мен веб-алгоритмдер. «Фильтр қапшығы» ұғымын интернет-белсенді Илай Парайзер енгізді және ол туралы ұғыммен аттас кітапта сипаттап жазды.

Түсініктірек айтқанда...

Біз еріксіз түрде өзімізге қолайлы ақпаратты пайдалануға тырысамыз, тіпті ол бұрмаланған немесе жалған болса да. Осылайша адам қапшықтың ішінде бітеліп қалады, оған ақпараттың маңызды бөлігі жетпейді. Нәтижесінде адам шындықпен бетпе-бет келгенде қатты фрустацияға ұшырауы мүмкін.

Ақпараттық қапшыққа түскен адам өзімен, тіпті ойы қате болса да сол ойымен пікірлес адамдармен қарым-қатынас орнатады.

Қапшыққа түсіп қалмас үшін (немесе одан шығу үшін) не істеу керек?

Өз желіңізден көзқарасы сіздікімен үйлеспейтін адамды өшірмеуге тырысыңыз. Әсіресе, әңгіме саяси көзқарас туралы болғанда мұқият болыңыз.

Веб-іздеу үшін инкогнито режимін және/немесе құпиялық мүмкіндігінше көбірек сақталатын жеке браузерді пайдалану қажет. Мәселен, Firefox немесе Safari-ді қолдануға болады.

Іздеген және көрген сайттардың тізімін тазартып тұрған абзал.

Ақпараттың шығу көзін іздеңіз, өзіңізге ұнайтын спикердің айтқанының бәріне сене бермеу керек, кез келген адам қателеседі.

Бірақ әуелі мынадай фактіні түсіну керек: біз бәріміз өзіміздің қапшығымыздың ішіндеміз. Осыны қабылдау арқылы ғана қапшықтан шығуға болады.

Тағыда қызықты ақпаратты сайттан оқыңыз. Біздің әлеуметтік желілерге тіркеліңіз!