Get Mystery Box with random crypto!

Химия 1-бөлім ҰБТ-да 100% кездесетін сұрақтар. ①.112 г тем | БИОЛОГИЯ ҰБТ 2022 MegaBilim

Химия 1-бөлім

ҰБТ-да 100% кездесетін сұрақтар.

①.112 г темір сұйылтылған күкірт қышқылының артық мөлшерінде ерітілген. Алынған тұздың зат мөлшері:
•/2 моль/

②.52 г ацетиленмен толық әрекеттесетін бромның массасы:
•/640 г/

③.Термохимиялық теңдеуі бойынша 450 кДж жылу бөлінген болса, сутектің (қ.ж) көлемін аңықтаңыз:
•/336 л/

④.Әлсіз электролиттерге жататын зат:
•/H₂SO₃/

⑤.100 г. 4,6% құмырсқа қышқылы этил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің массасы:
•/7,4 г/

⑥.61,5 г нитробензолды тотықсыздандырғанда 46 г анилин алынған. Түзілген өнімнің массалық үлесі бойынша шығымы(%):
•/98,9/

⑦.792 г техникалық пиритті жаққан кезде 268,8 л (қ.ж.) күкірттің (ІV) оксиді түзілді. Пирит құрамындағы қоспаның массалық үлесі:
•/9,1/

⑧.SO₂ оксидіне сәйкес келетін қышқыл:
•/H₂SO₃/

⑨.Барий нитратының бір молекуласы диссоциацияланғанда түзілетін иондар саны:
•/3/

⑩.1,8 г. суды алуға қажет 2Н₂+О₂→2Н₂О теңдеу бойынша оттегінің массасы мен зат мөлшері:
•/1,6г және 0,05 моль/

⑪.240 г. 3 %-тті сірқе қышқылының ерітіндісін алуға жұмсалатын 80 %-тті сірке қышқылы ерітіндісінің массасы:
•/9 г/

⑫.9,2 г толуол толық жану үшін қажет ауаның көлемі (ауадағы оттектің көлемдік үлесі 20%):
•/101 л/

⑬.ZnCl₂ тұзының гидролизінің жүруі:
•/Негіздік тұз түзіледі және тұз қышқылы түзіледі/

⑭.Бейтараптану реакциясына қатысатын зат:
•/KOH/

⑮.1 л ерітіндісінде құмырсқа қышқылының 2,41・10 ²³ молекуласы бар.Ал оның диссоциациялану дәрежесі -3%. Осы ерітіндідегі сутек иондарының зат молшері:
•/0,0012/

⑯.2-метилбутадиен-1,3 молекуласындағы p-байланыс саны:
•/2/

⑰.Al₂O₃ пен HCl арасындағы реакцияның типі:
•/Алмасу/

⑱.Азот қосылыстарының формулалары берілген:
1. NH₃;
2. N₂O₅;
3. HNO₂;
4. N₂O;
5. NO;
Оларды азот атомының тотығу дәрежесінің кему ретімен ораналастырыңыз:
•/2 3 5 4 1/

⑲.Бензолды катализатор қатысында хлорлағанда бөлінген хлорлы сутекті толығынан сіңіру үшін көлемі 250 мл, тығыздығы 1,225г/мл 20%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісі қажет болды.Тығыздығы 0,88г/мл бензолдың көлемі:
•/135,72мл/

⑳.0,1моль хлоропреннің массасы:
•/8,85 г/
@megabilim
㉑.300 г 7% және 200 г 2%-тік бромсутек қышқылы ерітінділерін араластырғанда алынған қышқылдың массалық үлесі:
•/5%/

㉒.СН₃¾ СН₂COONa + NaOH реакция нәтижесінде заттар түзіледі:
•/Этан, натрий карбонаты/

㉓.Азоттың массалық үлесі ең көп қосылыс:
•/N₂O/

㉔.Берілген заттардың ішінен галогендер тобын анықтаңыз:
•/F, Cl, Br, І/

㉕.’’Химиялық тепе-теңдік’’ түсінігі мына күйді білдіреді:
•/Жүйеге әсер ететін барлық қарама-қарсы әсерлер теңестірілген/
@megabilim