Get Mystery Box with random crypto!

биология 50 сұрақ + жауап 1) Түйнек бактериясымен селбесіп | БИОЛОГИЯ ҰБТ 2022 MegaBilim

биология 50 сұрақ + жауап

1) Түйнек бактериясымен селбесіп тіршілік ететін өсімдік: бұршақтұқымдасы
2) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым: энтология
3) Вольвокс шоғырының пішіні: шар тәрізді
4) Балықтың аралық миында болады: электрлік мүшенің және бүйір сызығының орталықтары
5) Ферменттерді зерттей ғылым: энзимология, ферментология
6) Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі: желбезек, қылаулатқыш
7) Қазақстанның Қызыл кітабына енген қосмекенділер: даната құрбақасы, қызылаяқ бақа
8) Қоңыр балдырлар: ламинария, турбинария, саргассум, нерсоцистис
9) Адамда витамин жетіспеушілігінен туындайтын ауру: авитаминоз
10) Салқынқандылар: қосмекенділер, жорғалаушылар, балықтар, дөңгелекауыздылар
11) Крахмалды қорға жинайтын органоид: лейкопласт
12) Бүйрек аурулары: нефрит, уремия, уролитаз (бүйрек тасы), цистит (қуық қабынуы)
13) Жорғалаушылардың сегізкөзінде омыртқалар саны: 2
14) Мидың самай бөлігі атқаратын қызметі: есту, тепе теңдік сақтау
15) Полисахаридтер: крахмал, гликоген, жасунық(целлюлоза), хитин, инулен, декстрин, муреин, мурамин, глюкоманнан, галактоманнан
16) Дисахаридтер: сахароза, лактоза, малтоза
17) Талшықты қарапайым жәндіктер: түншырақ, бодо, лейшмания, лямблия, трипанасома, опалина, вольвокс, эвглена
18) Өрістегіш балықтар: бекіре, албырт, жыланбалық
19) Жұлынның қызметі: рефлекстік, өткізгіштік
20) Лактоза құрамы: глюкоза мен галактоза
21) Зәр шығару екінші кезеңі: реабсорбция
22) Адамдардың бойының 130 см аспауының себебі: гипофиз қызметінің бұзылуы
23) Балаларда кретинизм ауруы туындайды: қалқанша безі бұзылғанда
24) Жатырдың жиырылуын қамтамасыз ететін гормон: окситоцин
25) Су және йод жетіспегенде пайда болатын ауру: эндемиялық зоб
26) Эндокриндік бездер: айырша без, гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқаншамаңы безі, бүйрекүсті безі, ұйқыбезі, гипоталамус
27) Панкреатин бөледі: ұйқыбезі
28) Қырықжапырақтың маңызы: дәрілік
29) Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым: этология
30) Ішкі секреция бездерінің ең ірісі және оның пішіні: қалқанша безі, таға сияқты
31) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым: энтомология
32) Қарапайым фибрилярлы нәруыздар: кератин, эластин, коллаген
33) Тоспа ұлу жүрегі: 2 қуысты (1 қарынша, 1 жүрекше)
34) Шолпаншаш сүмбілі жатады: қырықжапырақтәріздестерге
35. Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым: эмбриология
36) Көптұқымды раушангүлділер өкілі: таңқурай
37) Қолбасы сүйектері: саусақ, алақан, білезік
38) Бір ұшы төссүйекпен, екінші ұшы иықпен байланысқан сүйек: бұғана
39) Қосмекенділердің ортаңғы құлағындағы сүйекше: үзеңгі
40) Таспа құрттар өкілі: сиыр жармасқақ (сиыр цепені)
41) Шұбалшаңның зәршығару мүшесі: имектүтікшелер
42) Мезофиттер: аққаудан, інжугіл, атқонақ, капуста, беде, саумалдық, т.б.
43) Алқа тұқымдасының дәрілік өсімдіктері: баклажан, итжидек, меңдуана, сасықмеңдуана
44) Қоймадағы астықты бүлдіретін саңырауқұлақ: ақұнтақ, қастауыш, тат, қаракүйе, зең саңырауқұлағы
45) Қарапайымдыларды қолайсыз жағдайдан қорғайды: циста
46) Гүлдің дәл ортасында орналасқан: аналық
47) Гүлдің жіңішкерген бөлігі: гүлсағағы
48) Табақшатәрізді ішекқуысты: аурелин (құлақты медуза)
49) Бауыраяқтылар класына жататын ұлулар: тоспаұлу, түйіртек, жұмыршақ, шалшықұлу, жүзімұлу, жалаңаш шырыш
50) Тоқішек бөлімдері: соқырішек, жиекішек, тікішек
t.me/MegaBilim