Get Mystery Box with random crypto!

Болашақ Аманатыма V Тәтті ұйқымнан тахаджудке ояндым, Сені | 𝘔𝘺 𝘴𝘰𝘶𝘭♥️

Болашақ Аманатыма V

Тәтті ұйқымнан тахаджудке ояндым,
Сені ойлап қиялға да бой алдым.
Мен болайын Әлидей(р.а) шын хақ батыр,
Сен болғайсың Фатимадай(р.а) аяулым.

Нұр жайнасың, ботам сенің қабағыңда,
Салынбашы ешқашан нала-мұңға.
Біздерді жұп етіп Жаратқаным
Жазып қойған мөп-мөлдір жаңарына.

Көрмесем де, бар ғой менің сағынышым,
Шыдауға жетер ме екен тағы күшім?
Мен сені сол қалпында жақсы көрем,
Он сегіз мың ғаламда барың үшін.

Жарысып хадистен, жарысып Құраннан,
Бақ берсін біздерге қамқоршы Бір Аллам.
Мыңдаған арудың ішінде өзінсің,
Жүрекке жақыны, ерекше ұнаған.

Жәннаттық болып ин шаа Алла соңында,
Бағымсың, барымсың, ақ құсым қолымда.
Ең көркем махаббат түрін біз, ботақан
Құрамыз бірге шын Алланың жолында.

Рамадан ақын