Get Mystery Box with random crypto!

«ҮЗДІК МАҚАЛАЛАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ Қазақст | Bilim-project инновациялық ғылыми орталық

«ҮЗДІК МАҚАЛАЛАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы 30 жылдық мерейтойына орай «Bilim - project
инновациялық ғылыми орталығы» еліміздің мұғалімдері мен
оқытушыларын, жас ғалымдар мен студенттерді қолдау мақсатында «Үздік
мақалалар» республикалық конкурсының өтетіндігін қабарлайды.
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің
оқытушылары, мектеп мұғалімдері, балабақша педагогтары мен студент жастар
қатыса алады.
Конкурстың негізгі мақсаты студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды,
докторанттарды, оқытушыларды және ғылыми қызметкерлерді ғылыми - зерттеу
жұмыстарына тарту, олардың ғылыми қызмет саласында толық ашылуына
жәрдемдесу болып табылады. Қатысу формасы-сырттай.
Осы Ережемен «Үздік мақалалар» республикалық конкурсын өткізу,
ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.
Ережеге сәйкес педагогтар мен студенттерідің еңбектері, мақалалары
«Bilim - project» республикалық журналына тіркеу нөмері №
KZ11VPY00030386, Конкурс бойынша педагог-қызметкерлердің мақалалары
аталған республикалық БАҚ-ның келесі айдарларына қабылданады: «Үздік
мақала», «Үздік ашық сабақ», «Үздік эссе», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік
баяндама», «Үздік әдістемелік мақала», «Үздік сценарий», «Үздік ғылыми
мақала» және т.б.
Конкурс педагог-қызметкердердің ғылыми және әдістемелік,
шығармашылық қабілеттерін дамыту және көрсету, сонымен бірге, педагогтар
мен студенттердің еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі.
Конкурс комиссиясының мақсаты – жоғарыда көрсетілген айдарлар
бойынша педагогтардың үздік ғылыми-әдістемелік мақалаларын анықтау болып
табылады. Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3
орындар).
Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:
Жұмыстың мәтіні, үздік жұмыстар, сабақ жоспарлары немесе баяндама MS
Word бағдарламасында орындалуы тиіс, көлемі 5 беттен артық емес, шрифт
өлшемі 12 (әдебиеттер тізімі үшін шрифт өлшемі 12), интервалы 1.0, шрифт
Times New Roman.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш осы хатқа бекітілген форма бойынша
толтырылуы тиіс. Аталған өтініш doc форматта
сақталып, bilimprogect@mail.ru электрондық жәшігіне 30 маусым 2021 жылға
дейін «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек.
Конкусқа қатысу туралы өтінішпен бірге педагогтың конкурсқа жіберіліп
жатқан мақаласы да қоса бекітілуі керек. Ол да міндетті түрде doc форматта
бөлек сақталынуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар көрсетілген соңғы мерзімге дейін (30 маусым 2021
жыл) ұйымдастыру комитетіне қатысуға өтінімнің және мақаланың электрондық
нұсқасын ( үйлестіруші мекенжайына электрондық пошта арқылы) ұсыну қажет:
bilimprogect@mail.ru ) файлдармен (өтінім: Файл атауы –"z. автордың тегі",
мақала: Файл атауы - " st.автордың тегі"). Мысалы, "z.Иванов", "st.Иванов".
Конкурсқа педагогтар мен тәрбиешілердің ғылыми-әдістемелік мақалалары,
эсселер, мастер-класстар, сабақ жоспарлары, сараптамалық мақалалар, ұсыныс
мақалалар және басқа да материалдар қабылданады.
Аталған айдарларға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Bilim
- project инновациялық ғылыми орталығы» ақпараттық-сараптамалық орталығы
атынан диплом беру көзделген. Үздік мақалалары «Bilim - project» республикалық
журналына жарияланады. Конкурстың қорытындысы бойынша, Ресейлік ғылыми
дәйексөз индексі бар "Bilim - project инновациялық ғылыми орталығы"
(Қазақстан170-05/2021 жасалған лицензиялық шарт шеңберінде (Мәскеу қ.,
Ресей) мерзімдік басылымдарды ғылыми электрондық кітапхананың сайтында
орналастыру жоспарлануда eLIBRARY.RU (https://elibrary.ru 75928 ) (қажет
болған жағдайда 2021 жылдың маусым айының соңына дейін).