Get Mystery Box with random crypto!

Bilim Media Group республикалық тамыз конференцияларына қатыса | Bilim Media Group

Bilim Media Group республикалық тамыз конференцияларына қатысады.

Республикалық тамыз кеңестері 10-26 тамыз аралығында өтеді.

Компания өкілдері облыстық қана емес, қалалық және аудандық тамыз кеңестерінде де белсенділер қатарында.

Сонымен, Bilim Media Group өкілдері республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан (Түлкібас, Ордабасы, Төлеби аудандары, Кентау, Түркістан қалалары), Батыс Қазақстан (Орал қ.), Ақмола (Көкшетау қ.), Қостанай (Қостанай қ.), Павлодар (Павлодар қ.), Алматы (Қонаев қ., Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Атырау (Атырау қ.), Шығыс Қазақстан (Өскемен қ.), Жетісу (Талдықорған қ.), Маңғыстау (Ақтау қ.), Ұлытау (Жезқазған қ.) облыстарында өтетін конференцияларға қатысады.

Әдеттегідей, пленарлық отырыстар мен панельдік секциялар тақырыбы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мәселелеріне арналған.

BilimMediaGroup өкілдері білім сапасын арттырудағы цифрлы ресурстардың маңызы туралы айтып, сондай-ақ, компания өнімдерін таныстырады.

Айта кетейік, шара онлайн және офлайн режимде қатар өтіп жатыр.

Еске салсақ, BilimMediaGroup қағидасы: “Баршаға қолжетімді сапалы білім!”

Біздің сайт: https://bilimmedia.group/

Біз әлеуметтік желілерде:
instagram — https://www.instagram.com/bilimmedia.group/
Facebook — https://www.facebook.com/bilimland
Youtube — https://www.youtube.com/c/BilimLand/videos
Telegram — https://t.me/bilimlandkz