Get Mystery Box with random crypto!

Кеш жарық әріптестер. . Каникул жақындаған сайын мектепті жөнд | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Кеш жарық әріптестер. . Каникул жақындаған сайын мектепті жөндеу мен сауықтыру төлемі туралы мәселе ушыға бастайды. Сондықтан алдын ала айта кетейін.
1.
Мектепті жөндеу туралы. Мектеп пен кабинеттер бюджеттің есебінен жөнделеді. Нан жеп жүрсің,кабинеттің төрт мыңын аласыңдар,сондықтан өз жұмыс орныңды өзіңнің ақшаңа жөндей салыңдар деген патриоттық ұранға сенбеңіздер. Үкімет бюджеттік мекеменің барлығына керекті қаражатты бөледі. Жөндеуге керекті барлық шығындар мен жұмысшыларға да бөлінеді.
Мұны неге қайталап айтып отырмын.? Екі апта бұрын Талдықорған ҚББ бухгалтері мен басшысының ұрлаған ақшалары(2млрд теңге) тура осы ,,өздерің жасай салыңдар" дегеннен шыққан.
Бүгін Алматы облысының Талғарынан екі мектептен хабарласты. Сол баяғы ән. Нан жеп жүрсіңдер. Өз кабинетіңді жөндей салыңдар деген үгіт басталыпты. Ертең директорларымен сөйлесемін. Анықталса естірсіздер.
2.Сауықтыру қаражаты.
Былтыр салалық кәсіподақ нақты түсіндіріп берген. Оздоровительный педагогтың барлық жүктемесіне төленеді. Категория ,дәптер тексеру ,кл жетекшілік есептелмейді. Салық , ОПФ,МӘМС ұсталынбайды. Дегенімен айлықтан аз болады.
Сізде 16 сағат болса да,24 сағат болса да сәйкесінше есептеледі.
3-Іссапар шығыны. Алматы ,Астана ,Шымкент Ақтау,Атырау,Байқоңыр қалаларына 7 АЕК дейін пәтерақы, екі АЕК тәуліктік , және жол шығыны.
Облыс орталықтарына 6 АЕК дейін. Тәуліктік сол екі АЕК.
Былтыр іссапар ақысынанТүркістанның бір ауданының АББ бухгалтері әр мұғалімнен 10 процент шәпкі сұрағаны естеріңізде шығар? Сол бухгалтер не болды екен?
Айтпақшы, Өмеке , мектептерде сіз көтеріп жүрген аудит пен инвентаризация басталды дей ме.?
Сұлтан Сулеев парақшасынан
.