Get Mystery Box with random crypto!

Академиялық адалдық туралы... Қазіргі кезде елімізде бір жары | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Академиялық адалдық туралы...

Қазіргі кезде елімізде бір жарым мыңнан астам мектепте Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (МОДО) жүргізіліп жатқанын білесіздер.

МОДО-ның нәтижесінің құқықтық салдары болмайтының әрдайым ескертеміз, дегенмен оқушыларға көмекесу әрекеттері өңірлерде орын алуда.
Тіпті кей мектептердің нәтижелерін толық жою туралы шешім қабылдаудамыз. Мысалы, Жамбыл облысы Талас ауданы Амангелді мектебінің, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рыбалко атындағы мектеп, Қостанай облысы Қостанай ауданы К.Кәрімов атындағы және Садовская мектептерінде Интернет арқылы тест базасына қашықтықтан қосылып көмектесу әрекеттері үшін МОДО нәтежесі толық жойылды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының Қармақшы ауданының №28 мектебінде, Жетісу облысының Үшарал қаласының №2 мектебінде, Қостанай облысының Денисов ауданының №3 мектебінде, Астана қаласының №4, 50, 17, 16, 27, 49 мектептерінде, Шымкент қаласының №51, 53 мектептерінде, Түркістан облысы Арыс қаласының №11 мектебінде, «Дара жол» мектеп-лицейінде мониторинг Ережесінің бұзылуына байланысты акт толтырылып, білім алушылардың нәтижелері жойылды.

МОДО-ны өткізу барысында Ережені бұзуға ең бірінші кезекте педагогтер мен мектеп әкімшілігі әрекет жасайтынын көріп отырмыз. Бұл әріптестеріміздің бойында академиялық адалдық ұстанымының әлі толық қалыптаспағындығын, тіпті білім сапасын қамтамасыз етуде оның маңыздылығын түсінбейтіндігін көрсетеді.
Сондықтан, педагогтердің бұл қылықтары оқу процесінің барысында, тіпті күнделікті бағалауда да орын алуы мүмкін деген ой келеді.

Алдағы уақытта Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті педагогтерге, жалпы педагогикалық қауымға академиялық адалдықтың принциптерін түсіндіру бойынша жобалар қолға алатын болады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0323D5fG2MZiCkGm99gsQ1XgUe2N3f6CQUC19UpFwLB7KYA5fphjvAURb8jw2Ce73Rl&id=100001819815673&mibextid=Nif5oz