Get Mystery Box with random crypto!

Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып барған жасөспірім үш | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Петропавлда мектепке балта мен пышақ алып барған жасөспірім үш оқушыны жарақаттады

Петропавлда жасөспірім мектепке балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады. Бұл жөнінде облыстық прокуратура мен полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Петропавлдағы №4 мектепте болған. 10-сынып оқушысы мектеп дәретханасында киімін ауыстырып, бетперде таққан. Сөмкесінен ас үй балтасы мен пышақты алып, үш оқушыны жарақаттаған. Қазір жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.