Get Mystery Box with random crypto!

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti 3 жыл бойы «Атамек | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti 3 жыл бойы «Атамекен» ҚР ҰКП рейтингінде көш бастап келеді!

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша өткізілетін «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы шығарылды.

Биыл M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нің барлық білім беру бағдарламалары рейтинг бойынша үздік төрттіктен төмен емес позицияларды иеленеді:
Есеп және аудит – 64-тен 1-орын;
Құқықтану – 56-дан 1-орын;
Туризм – 30-дан 1-орын;
Құқық қорғау қызметі – 4-тен 1-орын;
Халықаралық құқық – 12-ден 2-орын;
Қаржы – 65-тен 2-орын;
Аударма ісі – 28-ден 3-орын;
Экономика – 54-тен 4-орын;
Менеджмент – 36-дан 4-орын.
Жалақының орташа деңгейі 199 529 теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50 мың теңгеге артқан. «Есеп және аудит», «Халықаралық құқық», «Аударма ісі» және «Қаржы» сияқты кейбір бағдарламалар бойынша орташа жалақының артуы 80 мың теңгеден асты.
Түлектердің жұмысқа орналасуының орташа деңгейі 87% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға өсті.

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti объективті статистикалық көрсеткіштерге негізделген «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізуді қолдайды және Палата мен қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтинг әдістемесін жақсарту жолындағы бірлескен жұмысы жемісті болады деп үміттенеді.