Get Mystery Box with random crypto!

Егер кез келген әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты қатысы | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Егер кез келген әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты қатысы бар екенін анықтау керек болса, бірінші кезекте сол әкімнің басқару кезеңінде салынған мектептер мен ауруханаларға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, салған компаниялардың сол әкімдермен қандай байланысы бар екенін анықтаса жетіп жатыр. Жақында жаңадан құрылған Жетісу облысының аудандық мектебіне барып қайттым. 2014-2016 жылдары күрделі жөндеуден өткен. Бірақ мектепте балалар тоңып жүр. Суық. Спортзалдарының төбесінен су ағып тұр. Балалар сонда да дене тәрбиесі сабағына қатысады. Білім басқармасының басшысына да, облыс әкіміне де бәрібір сияқты көрінді. Ұят.

Мектептегі балалар мен ауруханадағы емделуші халықтың қақын жегендер екі дүниеде де жолдары болмайтын шығар. Қазір Президент Әділетті Қазақстанды құру идеясын алдыға тартуда. Бірінші кезекте әкімдердің қаржыны тиімсіз, әділетсіз игеруінен бастаса біраз проблеманың беті ашылар еді.

Ерболат Мұхамеджан