Get Mystery Box with random crypto!

Министрлер жақсы адам болуы керек пе, жақсы маман болуы керек | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Министрлер жақсы адам болуы керек пе, жақсы маман болуы керек пе?

Әрине, АҚШ жақсы, бірақ Қазақстан жақсырақ.

Дегенмен, бұл жақтың мектептерінде сау адамды жынды, жайбарақат адамды күйгелек қып жіберетін мұндай издевательство жоқ.

Шынымды айтсам, 3-4 жылдан бері жүйке сыр бере бастаған екен, бастауыштағы ұлдардың сабағын орындаймыз деп. Америкаға кеп миымыздың құрыс-тұрысы жазылып, балаларымызға мейіріммен қарап, олар да сабаққа құлшыныспен қатынайтын боп жүр.

Өйткені, біздің биліктің баланы психологиялық тұрғыда ата-анасымен қосып зорлайтын мұндай порнографиясы бұл жақта жоқ.

Иә, Америкаға қарағанда Қазақстанымыз жақсы деймін мен. Бірақ оқушы балаларым келісе алмай отыр…

Өйткені, ешкім өзінің миын зорлатқысы келмейді. Мейлі ол бала болса да…

Аш жоқ, су жоқ, тақтаға жазатын бор жоқ, отыратын парта жоқ, қоңырау соғатын тоқ жоқ, ғимараттың ішінде әжетхана жоқ, бір ұрттам су беретін асханасы жоқ, дене сабағында ойнайтын добың жоқ, лабораторияда колбаң жоқ, музыка сабағында аспабың жоқ, еңбек сабағында түгің жоқ заманда өсіп-өнсек те білім беру жүйесі мен сол кездегі мұғалімдер бізді иниеллектуал адам қылып өсіріп еді.

ХХІ ғасырдың комфорты, интернеті мен планшеті сияқты өркениеттің лебі ескен заманда балаларымыз интеллектуал мүгедек боп өспесе болды…

Тимур Бектұр, IT маманы