Get Mystery Box with random crypto!

«Sarap» эксперттік клубы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

«Sarap» эксперттік клубы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырған сарапшылар ордасы. Клуб Қазақстанның түрлі өңірлерін аралап, саяси-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылайтын аймақтық отырыстар өткізеді. Отырыстар барысында жергілікті эксперт, саясаттанушылармен, азаматтық қоғам белсенділерімен кездесіп, халықтың сұрақтарына жауап берумен айналысады. «Sarap» эксперттік клубының басты мақсаты – экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты мәселелерін халыққа түсінікті түрде жеткізіп, әрбір бастаманы жан-жақты қарастыру, осы арқылы қоғамның саяси сауаттылығын ашуға үлес қосу.
Алдағы уақытта клуб талқылауларына жастар да белсенді түрде қатысып, саяси сауаттылығын арттыру мақсатында «Sarap» клубының ұйымдастырушылары Tiktok-та "Sarapexpert" пайдалы ақпараттармен бөлісетін жаңа парақша ашты. Білімін арттырғысы келетіндер үшін таптырмас парақша.
https://www.tiktok.com/@sarapexpert?_t=8Y0bR4mPQqD&_r=1