Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігін | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастыруымен өтетін «Sarap» эксперттік клубының отырыстары 2022 жылы елдің 21 ірі қаласында 23 рет өткізілді.

Эксперттік клубтың талқылауларына жастар да белсенді түрде қатысып, әлеуметтік-саяси тұрғыдан сауатты болуы үшін аймақтық отырыстарының басым көпшілігі университет қабырғаларында ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында, сайлауалды бағдарламасында айтылған экономикалық, әлеуметтік салаға қатысты көтерген мәселелерді халыққа түсінікті түрде жеткізіп, әрбір бастаманы жан-жақты қарастыру «Sarap» клубының негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан, аймақтық отырыстарға әр өңірдің жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, университет оқытушылары және ҚҚДИ сарапшылары спикер ретінде шақыртылады.

@SarapDiscussionClub