Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылғы 6 желтоқсанда Атырау қаласында «Қазақстан дамуының | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

2022 жылғы 6 желтоқсанда Атырау қаласында «Қазақстан дамуының жаңа дәуірі: ауқымды өзгерістер» атты «Sarap» эксперттік клубының кезекті аймақтық отырысы өтті. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде орын алған жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, облыстың ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова, сондай-ақ, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, студенттер мен ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Отырыс барысында сарапшылар Президент атап өткен жаңа саяси реформаларды іске асырудың тиімді жолдарын қарастырып, әлеуметтік-экономикалық даму, жаңа саяси жағдайларда халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелерін талқылады.
Іс-шараның модераторы болған ҚҚДИ КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова өз сөзінде: «2022 жыл бетбұрысты кезеңге айналды. Конституциялық реформалар мемлекеттік билікті демократияландыруға және бір субъектінің саяси монополиясына жол бермеуге бағытталған. Барлық мемлекеттік саяси институттар толығымен жаңартылады. Бұл үдерістің әділ, тең мүмкіндіктер қағидаты бойынша өтуі үшін азаматтық белсенділік, қоғамдық бақылау болуы маңызды», - деп атап өтті.

@SarapDiscussionClub