Get Mystery Box with random crypto!

2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 11.00-де Ақтөбе қаласы, Қ. Ж | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 11.00-де Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Proactive academy» залында «Sarap» эксперттік клубының «Сайлау қорытындысы: Қазақстанның даму бағыты» атты аймақтық отырысы өтеді.

Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырады.

Іс-шараға саясаттанушылар, қоғам белсенділері және ҚҚДИ сарапшылары қатысады.

БАҚ өкілдері эксперттік талқылауға тыңдаушы ретінде қатыса алады.

Аккредиттеу сұрақтары бойынша 8-771-123-30-30 нөміріне хабарласуға болады.