Get Mystery Box with random crypto!

Еліміздің жетекші университеттерінің бірі М. Нәрікбаев атындағ | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Еліміздің жетекші университеттерінің бірі М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің «Public lecture» атты жаңа жобасына қатыстым.

Студенттер мен оқытушыларға атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, олардың сұрақтарына жауап бердім.

Қазір университеттердің қоғам дамуына қосқан үлесі, яғни университеттердің «үшінші миссиясы» туралы көп айтылып жүр. ЖОО-ның тек оқу орнының қабырғасында оқу үдерісімен ғана шектеліп қалмай, қоғамды дамытуға арналған жобаларды жүзеге асырып жатқаны қуантады. Бұл жоба - университеттің қоғам үшін жүзеге асырып жатқан маңызды бастамаларының бірі.

Жоба авторларына алдағы уақытта табыс тілеп, қонақ ретінде шақырғандарына алғыс айтамын!

————————————————————-

Принял участие в новом проекте одного из ведущих вузов страны, КАЗГЮУ им.М.Нарикбаева, - «Public lecture».

Рассказал студентам и преподавателям о проводимой работе, ответил на их вопросы.

Сейчас много говорится о вкладе университетов в развитие общества - так называемой третьей миссии вузов. Действительно, важно, когда вуз реализовывает проекты для развития общества и не ограничивается только учебным процессом в стенах учебного заведения. Данный проект - реализация одной из множества прекрасных и важных для общества инициатив университета.
Желаю дальнейших успехов авторам проекта и благодарю за приглашение!