Get Mystery Box with random crypto!

Вы ни панимаити. Эта другое (с) Екіжүзді ватниктер Сол, қазақ | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Вы ни панимаити. Эта другое (с) Екіжүзді ватниктер

Сол, қазақша сөйлегісі, үйренгісі келмейтіндер жайлы көбәріп.

1. Дені дұрыс методика жасамаппыз әлі. Келісуге де болады. Yesengul апай 2018 жылы мемқызметкерлерге қазақ тілін үйрету курстарын зерттеген. Жағдайын көріп, шашым тік тұрған.

Екінш жағы бар. Мен және мен білетін айналам орысшаны керемет методикамен үйренген жоқпыз. Орысша білмесең, күн көре алмайсың деген саясаттың жемісіміз. Қазақшаны да сондай методпен дамытуды ұсынбаймын. Нацист деп отырып оның әдісін қайталаудан қисын көріп тұрған жоқпын. Бірақ сол тілде сөйлейтін жақсы орта кез келген мықты методиканы алмастыра алады деп ойлаймын. Мәселе ниетте ғой.

2. Орта мектептегі қазақ тілі мәселесі. Осы жылдары қазақ мектептерінен басқа сыныптарда, мектептерде қазақ тілінен сабақ беретіндердің біліміне үлкен сұрақ бар. Неге он бір жыл оқыған адам екі сөздің басын құрай алмайтын болып шығады? Ол сыныптарға қазақ тілінен сабақ беретіндер айлықты не үшін алып жүр? Тіпті сонша жыл еңбек өтілімен бірге айлығын көбейтетін категориялары да бар шығар? Ол категорияға өздері емтихан тапсырып жеткен шығар? Оны алғаннан кейін де қорғап тұратын шығар? Осы процестердің бәрі қалай өтіп жатыр? Клиент ретінде бизнестен ғана емес, салық төлеуші ретінде мемлекеттік органдардан да неге мен отыз жыл салық төлеп отырып ақырында Мухоряповтардан осындай әңгіме естуім керек деп сұрайтын уақыт әлдеқашан келді. Мақтаулы Askhat Aimagambetov мырзадан қазақ тілінен сабақ беретін ұстаздардың біліктілігі, категориясы, оны алғаны мен қорғағаны туралы мәліметтерді сұрасақ. Әлде бәрі енді бастап жатқан, категориядан жұрдай ма? Онда ең болмаса қазір оларға айлық, сағат не үшін беріліп жатыр деп сұрайық. Олардың айлығына, жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қанша ақша жұмсап жатырмыз? Айлық, шығын мәселесін енді жергілікті әкімдіктерден сұраймыз.

Бұл мәселенің екінші жағы да бар. Балам ағылшынша, франсузша жақсы білсін деген ата-ана баласын қосымша курстарға сүйрейді. Ешқашан тек мектептің ағылшыншасына сеніп отыра бермейді. Ал қазақ тіліне келгенде бәріне тек мектеп кінәлі болып шығады. Сонда мектептің қазақшасы ғана емес, ағылшыншасының да методикасына сұрақ бар болып тұр ғой? Ал ата-ана ағылшын курсындағыдай баласына мектептен тыс уақытта қазақша білім алуға жағдай жасамаса, оны керек қылмаса, онда үйренгім-ақ келеді. Уот, өздерің кінәлі деген бос сөз. Айналып ниет пен қажет/қажет емеске келеміз. Как-то солай (c) Ғалымжан Оразымбет