Get Mystery Box with random crypto!

ҰСТАЗҒА ХАТ Құрметті Askhat Қанатұлы! Тегтеп мазаңызды алғаным | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

ҰСТАЗҒА ХАТ
Құрметті Askhat Қанатұлы!
Тегтеп мазаңызды алғаным үшін кешірім сұраймын. Ата-ана ретінде өтінішім бар еді, оқушыларды екі нәрседен босатыңызшы:
1. Ауыр сөмке арқалаудан (кітап-құралын мектепте қалдыру мәселесі);
2. Үйге тапсырма алудан. Бала оқу-сызудың бәрін мектептен бітіріп келсе.
Бірінші мәселеге келсек. Бұл енді талай айтылып, тізесі шыққан проблема. Қазіргі кітаптардың көлемі үлкен дейміз, мектепке барғанда ауыстырып киетін аяқ киімі бар, д/ш-ға киетін формасы және бар, ішетін суы бар, бір баланың арқасындағы жүк өте ауыр. Балаларымызды аяп тұрамыз.
Дамыған елдерде оқушы мектепке кітап тасымайды деп жатады. Барлық оқу құралы мектепте қалады. Сөмкесінде жүріс-тұрысқа керегі ғана жүреді.
Айтқым келмесе де айтайын, сырттай қарасаң, біздің балалар өмір бойы жүк жегілген есектің күйін кешіп жатқандай көрінеді. Ауыр сөмкесін көтере алмай бүкірейіп, еңсесі түсіп, дорбасы жер иіскеп бара жатады. Обал-ақ.
Екінші мәселе де осымен тығыз байланысты. Бала үйге келгенде қарық қылып сабақ оқымайды, оқығысы да келмейді. Кітап тасып шаршаған баланың оқуға ынтасы қайдан болсын.
Бір шындық бар — үйде сабақты ата-ана орындайды. Есебін шығарады, эссесін жазады, керек болса суретін де салып береді. Оны мұғалім білмейді емес, біледі. Біле тұра баға қояды. Сонда кім кімге алданып жүр? Мұғалім ата-анаға баға қоя ма?
Бала үйде әке-шешесіне еркелейді, көмектесетінін біліп, арқа сүйеп тұрады. Одан сабақ оқыған бола ма? Ал, мектепте отырған бала сабағын өз бетінше оқып, мұғалімнің алдында деңгейін көрсетер еді. Соған қарап педагог баланың “кем-кетігін” жөндеп, сол бағытта жұмыс жүргізуі керек еді. Бізде әзірге олай болмай тұр.
Бала сабағын мектепте оқып, бос уақытында секцияларына барсын. Үйде (мектеп міндеттемейтін) басқа кітап оқысын, одан босаса — ойнасын. Жуынсын. Ең бастысы — мектепке моральдық тұрғыда да, физикалық тұрғыда да шаршамай барсын. Сонда оқуға ынтасы болар еді.
Осы еді айтқым келгені. Рахмет! (с) Нұрболат Туысбайұлы