Get Mystery Box with random crypto!

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) – еліміздегі ең озық біл | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) – еліміздегі ең озық білім ордаларының бірі. Онда оқу ауыл мен қаладағы әрбір дарынды шәкірт үшін арман деуге болады. Алайда бәріне бірдей НЗМ орын тауып бере алмайды. Орын шектеулі. Сондықтан ең таңдаулыларын іріктеп алу үшін университетке түскендегідей тестілеу тапсыртқызады.

Соның қорытындысында қай бала ең көп бал жинаса, солар "Өркен" атты мемлекеттік грантқа ие болып, "назарбаевтық мектептерге" түседі.

Алайда ата-аналардың мәліметінше, соңғы жылдары бұл салада халыққа түсініксіз саясат жүргізіле бастапты.

Жас дарын Шыңғыс Алматыдағы НЗМ-ге кешенді тестілеуден сүрінбей өтеді. Алайда түсе алмаған. Себебі, қазақ топтарына грант азайтылған.

"Балам қазақ тобына тапсырып, жоғары 1172 балмен 112-ші орынға шықты. Бұрынғы жылдары мұндай балмен еркін түсіп кететін еді. Бірақ биыл неге екені белгісіз, қазақ топтарына небары 100 орын бөліпті. Керісінше, орыс тобына гранттар санын биыл 2021 жылдағыдан күрт арттырып, 28 орынға көп бөлген. Қазақ топтарына орын жыл сайын азайтылып келеді. 2021 жылы – қазақ тілділерге 120 грант, орыс тобына 72 грант болды. 2022 жылы – қазақ тобына 100 грант, орыс тобына 100 грант болды", – деп ашынады Шыңғыстың әкесі Марат Қызылбаев.

Әрине, білмейтіндер "орысша оқығысы келетін балалардың үлесі еселеп артқан шығар" деп топшылар. Өйткені ара-тұра телеарналар орыс сыныбын ашуды талап еткен ата-аналарды көрсетіп қоюды ұнатады. Шынында, елде қазақша оқығысы келетіндер көбеюде.

"Биылғы 2022 жылы қазақ тобына 100 грант қана берілді, оған 1 483 бала үміттенді. Орыс тобына 100 грант арналды, оларда 695 бала ғана тапсырды. Бұл былтырғыдан аз. Қазақ тілінде орысшасына қарағанда 230 пайызға көп бала тапсырған. Онда неге қазақ емес, орыс тобына грантты көбейтеді? Қазақ тобында 1 орынға 15 баладан таласады, орыс тобында 7-ге де жетпейді. Биліктің мұнысы не дискриминация? Неге өз жерінде отырған дарынды қазақ балаларына бірдей мүмкіндік бермейді?", – деп сауал тастады Марат.

Мұндай жағдай Алматыда ғана емес, өзге өңірлерде де кездеседі екен.

Atameken Business