Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті ата-аналар! Біздің Нұр-Сұлтан қалалық №93 қазақ мект | ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН

Құрметті ата-аналар!

Біздің Нұр-Сұлтан қалалық №93 қазақ мектеп-лицейі ашылғалы аз уақыт болды. Қазір мектепте 100 ден астап балалар оқиды. Алдағы оқу жылына қарай 1200 орын бар таза қазақ мектеп-лицейіне балалар қабылданады деп жоспарланып отыр. Мектеп орналасқан аудан жаңа болғандықтан жаңа тұрғын үйлерге қоныстанып жатыр.
Осы орайда мектепке көрші тұрған үйлерде бірнеше ата-аналар тобы орыс сыныбын ашуды өтініш білдіріп, қалалық Білім басқармасына шығып, дабыл қағып жатыр.
Алайда мектепке жақын орналасқан 2 аралас мектеп бар, ол 72 және 83 мектептер. Сондай-ақ, кейінгі жылдары іске қосылып жатқан мектептердің деңі аралас мектептер (№91,92,94) екен.
Мектеп-лицейдің ата-аналары және Қамқоршылық кеңесінің ұстанымы мектеп-лицей таза қазақ тілінде білім беріп, мемлекеттік тілде қалу керек! Бұл Қазақстан Республикасының Ата-заңы, Қазақстан Республикасы Тіл туралы, Білім беру туралы заңына сәйкес.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы N 151 Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға мүмкіндік жасау керек. Тіл туралы Заңының 16-бабына сәйкес оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.
Осы мәселеге байланысты ертең, яғни 29 сәуір сағат 15-00 де мектеп акті залында депутаттар мен қоғам белсенділермен кездесу өтеді. Сіздерді қазақ мектебінің аралас мектебіне ауысуына жол бермеуге және өз ой-пікіріңізді ашық білдіруге шақырамыз!

Құрметпен,
Қамқоршылық кеңесі (с) Айдар Хамит