Get Mystery Box with random crypto!

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Telegram арнасының логотипі bilim_akimat — АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ А
Telegram арнасының логотипі bilim_akimat — АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Арна мекенжайы: @bilim_akimat
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 702
Арнадан сипаттама

Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области

Ratings & Reviews

3.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

1

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

2

1 stars

0


Соңғы хабарлар 10

2021-04-15 12:10:16
Бүгін, 15 сәуір сағат 17.00-ден (астана уақытымен) бастап бос орындар аяқталғанға дейін app.testcenter.kz сайтында ҰБТ-ға тіркеу басталады!


Бәріңізге мәлім, бұл ҰБТ-ны тапсыру үшін сіздерге 2 мүмкіндік беріледі:
​ 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсырудың БІРІНШІ МҮМКІНДІГІНІҢ тестілеу күнін таңдауға болады;
​ 1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІКТІ қолдану үшін күнді таңдауға болады.
​Бұл тестіленушілердің арасында орындарды теңдей бөлу үшін маңызды болып табылады.
​Тестілеу 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.

Толық ақпаратты білім басқармасының instagram, facebook әлеуметтік паракшаларынан оқи аласыздар.
193 viewsГулдана Бакиева, 09:10
Ашу / Түсініктеме
2021-04-14 09:13:42
"Ұлттың ұлы ұстазы" айдары
194 viewsГулдана Бакиева, 06:13
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:27:01
2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері болып табылатын 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық олимпиадасы өтті.
Ақтөбе облысынан бірінші кезеңге 466 оқушы қатысып, екінші кезеңге 7 оқушы жолдама алды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының 4 оқушысы жүлдегер атанды.
Олар:
ІІ орын Ордухан Алина- Ақтөбе қаласы М.Құрманғалиева ат. #32 мектеп-гимназиясының 8-класс оқушысы;
ІІІ орын: 1.Ли Аида-Хромтау ауданы #6 Хромтау гимназиясының 10-класс оқушысы;
2. Герц Егор-Ақтөбе қаласы #40 орта мектебінің 10-класс оқушысы;
3.Мубаракова Сабина-Мәртөк ауданы #2 мектеп-гимназиясының 8-класс оқушысы.
81 viewsAkzhol Kairatovich, 12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:20:34
Облыстың білім беру ұйымдарында "Қоғамға қызмет", «Ашық жүрек» әлеуметтік волонтерлік жобасы жүзеге асырылуда

Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде "Қоғамға қызмет", 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Ашық жүрек" волонтерлік клубтары құрылып, жетекшілері бекітілді. Барлық білім беру мекемелерінде волонтерлар бұрышы жасақталды

Волонтерлер клубы – білім алушылардың әлеуметтік-жеке тұлғалық дамуына ықпал ететін, шығармашылығы мен белсенділігін дамытатын ерікті, қоғамдық, әлеуметтік пайдалы қызметті жүзеге асыратын бірлестігі

Волонтерлік қозғалыстың мақсаты – білім алушылардың зияткерлік-рухани әлеуетін пайдалану, адамдарға гуманды көзқарасын қалыптастыру, игілікті іс жасауға ұмтылдыру, патриоттық тәрбие беру, азаматтық белсенді көзқарас пен ұстанымды қалыптастыру

Білім беру ұйымдарындағы волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары: - әлеуметтік волонтерлік; - экологиялық волонтерлік; - спорттық волонтерлік; - мәдени волонтерлік

#АқтөбеҚоғамғақызмет #АқтөбеАшықжүрек
271 viewsAkzhol Kairatovich, 12:20
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:17:48
Облыстың білім беру ұйымдарында «Балалар және театр» ағартушылық жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде театр үйірмесі ашылып, жетекшілері бекітілді

Жобаның мақсаты: театр аудиториясын балалар және жастармен кеңейту, оқушылардың жалпы мәдени деңгейін көтеру

Жобаның міндеттері: - өскелең ұрпақты көркем мәдениет пен театр өнері әлеміне тарту; - өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру; - эстетикалық дамыған, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу, балаларды қоғамның ережелері мен нормаларына баулу

Жоба туралы толық ақпарат: Қоғамның рухани өмірінде театрдың рөлі зор екені мәлім. Театрларға бару - кәмелетке толмағандардың белсенді демалуының бір түрі

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы ұсынған Жаңа мәдени саясат стратегиясы аясында мәдениет пен өнер саласында бірыңғай білім кеңістігін қалыптастыруға, сондай-ақ әрбір тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған

#АқтөбеБалаларжәнетеатр
247 viewsAkzhol Kairatovich, 12:17
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:16:25
Облыстың білім беру ұйымдарында «Ұшқыр ой алаңы» мәдени-білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 403 жалпы білім беретін орта мектептерде, 40 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында "Ұшқыр ой алаңы" дебаттық қозғалысы құрылып, жетекшілері бекітілді

Дебат - нақты құрылымдалған және арнайы ұйымдастырылған қоғамдық ой алмасу, екі тарап арасындағы өзекті тақырыптар бойынша талқы

Мақсаты: білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын және сендіру әдістерін, позитивті, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мәдениетін, құрылымдық сұхбат пен пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту

Дебаттық клуб тренерлер базасы жинақталып, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда

Аудандық, облыстық дебаттық турнирлері өткізіліп, жеңімпаздар анықталды

#АқтөбеҰшқыройалаңы
69 viewsAkzhol Kairatovich, 12:16
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:02:05
О проведении районных и городских этапов Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам
72 viewsAkzhol Kairatovich, edited  12:02
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 15:01:23
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық кезеңдерінің өткізілуі
78 viewsAkzhol Kairatovich, 12:01
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 14:47:57
Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастамасы бойынша жалпы білім беретін және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін "Мен болашағымды таңдаймын" кәсіби бағдар берудің облыстық жобасы өз жұмысын жалғастырады
79 viewsAkzhol Kairatovich, 11:47
Ашу / Түсініктеме
2021-02-12 09:25:18
Определены победители XV Республиканской олимпиады «Язык – символ независимости государства»

С 18 по 28 января 2021 года была проведена XV Республиканская олимпиада по казахскому языку среди учащихся 5-10 классов некоренной национальности «Язык – символ независимости государства».

На первом этапе в дистанционной олимпиаде приняли участие 9579 учащихся, 145 из них прошли на заключительный этап.

По итогам олимпиады 53 участника стали ее призерами. Дипломами I степени награждены 9 участников, дипломами II степени – 16 участников, дипломами III степени – 28 участников.

Поздравляем призеров олимпиады, их родителей и учителей с победой!

@edu_news_qz
87 viewsAkzhol Kairatovich, 06:25
Ашу / Түсініктеме