Get Mystery Box with random crypto!

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» XV республикалық олимп | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» XV республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері болып табылатын 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық олимпиадасы өтті.

Қашықтан өткен олимпиаданың алғашқы кезеңіне 9 579 оқушы қатысып, олардың 145-і қорытынды кезеңге жолдама алды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломдармен – 9 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 16 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 28 оқушы марапатталады.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

@edu_news_qz