Get Mystery Box with random crypto!

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Бүгін басқарма | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін басқарма басшысы Жолдас Нұрланұлы аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорларының қатысуымен жиын өткізді. Негізгі мақсат - күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі туралы есептерін тыңдау.

Екі апта ішінде басқарма қызметкерлері жөндеу қарқынын бақылау үшін барлық білім беру ұйымдарын аралап шыққан болатын. Биыл облыс бойынша 38 мекемеде күрделі жұмыс қызу жүруде. Оған жергілікті бюджет есебінен 4 млрд 500 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Жолдас Нұрланұлы кейбір мекеме басшыларынан жұмыс кестесінен неліктен кешігіп келе жатқанын сұрап, сын-ескертпе айтты.Сондай-ақ, оқу жылының басталуына дейін әр апта сайын күрделі жұмыстарының барысы жайында арнайы мәжіліс өткізіліп тұратындығын хабарлады.