Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек н | АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс мәні:
Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2022-2023 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), 7R09 Денсаулық сақтау (медицина, резидентура) білім беру салаларына бөлінді.
Аталған 87 гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінді.

Конкурс ұйымдастырушысы:
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының білім басқармасы
Пошталық мекенжайы: 030010,Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №542 кабинет
Байланыс телефондары: 8 (7132) 98-11-49, +7-777-660-37-59

Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:
1. Жоғары оқу орнының өтінімі (17-қосымша)
2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (9-қосымша)
3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2022-2023 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім (10-қосымша).
Берілген қосымшалар электронды форматта d.ornova@aktobe.gov.kz және d_ornova@mail.ru электронды мекенжайларына ұсынылады.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді. ЖАО комиссиясы Қағидалардың 51 және 52-тармақтарда көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алатынын ескертеміз.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 26 -29 шілде аралығында сағат 17.30-ға дейін.