Get Mystery Box with random crypto!

1 станокпен ғана өндіріс ашуға болады| ШЕГЕ ӨНДІРУ СТАНОГІ Қ | SUCCESS I BERIK

1 станокпен ғана өндіріс ашуға болады| ШЕГЕ ӨНДІРУ СТАНОГІ

Құрылыс - сұранысы ең соңғы азаятын өнерсәсіптердің бірі. Енді құрылысқа ең қажетті заттардың бірі шегенің кез келген түріне сұраныс азаяр емес. Қазіргі кезде шегеге деген сұраныс жыл сайын 10 % артуда.

Шегенің кез келген түрлерін жасау үшін Z94 - 4C, АГ 4116 станоктары қолданылады. Бүл станоктарды тек 1 адам қадағаласа жеткілікті.

Станоктардың бағасы 1 200 000 тенгеден басталады және станоктарды бу нарықтан да сатып алуға болады.

Шегелерді өндіру үшін легірденген болаттан жасалған сым темірлер (проволоки) негізгі шикізат ретінде қолданылады. Сым темірлер салмағы 200 - 1500 кг дейін болатын рулондармен сатылады.

Толық күндік жұмыс күнімен санағанда күніне 1 станокпен 216 000 шеге (935 кг), 1 айда 4 752 000 шеге, өндіруге болады.

Осындай айналым жасап, сата алсаңыз айына кем дегенде 5 -6 млн. табысқа шығуға болады. 1 айлық таза шығын 3-4 млн. тенгені құрайды.

Сату тетіктері: құрылыс компаниялары, құрылыс магазиндері, оптовиктер, контекстік жарнама, тендер.

ШЕГЕ ӨНДІРУ БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТӨМЕНДЕГІ СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ЖҮКТЕП АЛА АЛАСЫЗ

Пост ұнаса лайк басып, таныстарыңызға жіберуді ұмытпаңыз!