Get Mystery Box with random crypto!

Bekzhan Bazarbek kündelıgı… 🖊

Telegram арнасының логотипі bekzhantop_1 — Bekzhan Bazarbek kündelıgı… 🖊 B
Telegram арнасының логотипі bekzhantop_1 — Bekzhan Bazarbek kündelıgı… 🖊
Арна мекенжайы: @bekzhantop_1
Санаттар: Дәйексөздер
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 973
Арнадан сипаттама

Құрметті менің бауырым! Каналда сізге пайдалы дүниелермен , қызықты оқиғалармен, ішкі сырларыммен бөлісемін. Мұнда мен жақсы көретін, мені жақсы көретін адамдар жиналарына сенемін.🥰🙌🏼

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2022-08-16 13:33:45 Ренжітуге жеткен батылың,
Кешірім сұрауға да жететін болсын!
33 viewsBekzhan Bazarbek, 10:33
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 13:32:17 СІЗ КӨШЕГЕ ТАСТАҒАН ҚОҚЫСТЫ БІЛІМ АЛМАҒАН АДАМ ЖИНАСА, СІЗДІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМІҢІЗДЕН НЕ ПАЙДА?
36 viewsBekzhan Bazarbek, 10:32
Ашу / Түсініктеме
2022-08-16 13:28:08 Алла тағала бізді қарап отырсақ табиғатпен байланыстырып қойғандай. Мысалы:

1 жыл- ол 1 адам.

1 жылда 365 кун бар - ол адамда 365 буын бар.

1 жылда 12 ай бар - ол адамның 12 мүшесі.

Бұл әлем 4 негізгі бөліктері бар:
Ол аспан, су, от, жер.
Ал адамда да негізгі 4 бөлік бар:
Ол бас, мойын, дене,
аяқ.

Және жер 70 пайызы судан тұрса адамда дәл сондай. Міне достар адаммен табиғат тығыз байланысты.
40 viewsBekzhan Bazarbek, 10:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 21:05:59 - Қиянат ұзаққа созылып кетті.
- Қиянатшылдың өмірі қысқаруда.

- Сынақ тым ауыр боп жатыр.
- Сауабы неткен ұлы еді.

- Үміт үзілейін деді.
- Жеңілдіктің ауылы жақындап қалды.

- Бірдеңе десем, неге керісінше айтып жатсың?

- Осылай айтуды Алла үйретті;

Ол сондай Алла, олар күдер үзгеннен кейін жаңбыр жаудырып, Өз мейірімін шашады.

"Шура" сүресі, 28-аят.

Қараңғылық күшейген сайын таң атуы жақындай түсетіні секілді проблема күшейіп бара жатса, шешім мен жеңілдікті күте беріңіз. Тек, Алла сіздің үніңізді естігісі келеді. Жайған қолыңыз бен ыстық жас тамшыларын көргісі келеді. Жаратылыстардан үміт үзіп, жүрегіңіздің жалғыз Жаратушыға байланғанын күтеді. Және жәрдем тілесеңіз дұғаңызға жауап беріп жүрегіңізге тыныштық сыйлайды!

#сақтап_алшы
#жүрегің_жайлансын
29 viewsBekzhan Bazarbek, edited  18:05
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 20:57:01
62 viewsBekzhan Bazarbek, 17:57
Ашу / Түсініктеме
2022-08-15 19:28:55 ***

Адамдар, біз қандаиймыз, шын мәнінде?
Күншілдік дерті құртып тұр бәрін де.
Еттік те аманатты аяқасты,
Ұмыттық бекемдікті сырға мүлде.

"Елім ! " деп ғаламторда "ту аламыз" ,
Ал өмірде қандаймыз, сұрамаңыз?
Біреудің бақытына мұңаямыз,
Біреудің қайғысына қуанамыз.

Адамды "бай, кедей" деп алалаймыз,
Осы әдеттен біз қашан арыламыз?
Төмендесе жабылып табалаймыз,
Биіктесе жанынан табыламыз.

Біреудің мінін көріп тілдесек те,
Өзімізге мүлде шаң жуытпаймыз.
Жақсының жақсылығын білмесек те,
Жаманның жамандығын ұмытпаймыз.

Өмірде ақша бәрін шешед(і) дейміз,
Өзгенің дүниесін есептейміз.
Тұрғанда жанымызда "жан досым" деп,
Ұзаса қасымыздан, өсектейміз.

Қиындық болса "Алла" деп безілдейміз,
Жетістік келсе, жеткен өзім дейміз.
Көңілдің терезесін таза ұстамай,
Өмірдің кереметін сезінбейміз.

Ешкімге тимесе де пайдасы түк,
Уақыт жоқ деп айтамыз айла асырып.
Аңдумен басқан ізін басқалардың,
Адамдар, біз барамыз қайда асығып?


Бекжан Базарбек
119 viewsBekzhan Bazarbek, edited  16:28
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 21:34:38 Жақыным!
Адамдар сенің бақытты шақтарыңа ғана куә болсын. Сені тек күлімсіреген кейіпте жолықтырсын. Әлсіздігіңді адамға емес, Аллаға ғана көрсет. Кеудең қысылса, Құраннан кеңдік табасың. Жалғыздықтан жабықсаң, Жаратушың сенімен бірге. Қай жерге түссе де пайда беретін жаңбыр секілді бол.

Қанша кішкентай болса да жақсылық жасауды тастап қойма. Себебі сен қай жақсылығыңның Жәннатқа кіргізетінін білмейсің. Тек ірілер ғана қарапайымдылық танытады, ұсақтар тәкаппарлық көрсетеді. Ақылды жасқа қарап өлшеме. Қаншалаған елеусіз адамдар бар, ақылы теңіз секілді. Қаншалаған "үлкен" адамдар бар, ақылы көбік секілді. Сырт көріністер алдамшы, адам асылы ішінде!

#жаның_жай_тапсын
188 viewsBekzhan Bazarbek, 18:34
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 20:16:17 Нашар адамдардың көбі өзінің нашар екенін мойындамайды. Сараң өзін - ысырапшыл емеспін дейді. Бетпақ - бетке айтқыш батыр ретінде көреді. Өсекші өзін - шын жанашыр ретінде ұстайды. Мақтаншақ өзіне тым артық сенеді. Ех, дейсің ғой!
215 viewsBekzhan Bazarbek, 17:16
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 17:55:14 Жұрттың бәрі жабыла мақтап жатқанда мақтау - кез келгеннің қолынан келеді. Мықты болсаң - мақтамай көр! Жұрттың бәрі жабыла даттап жатқанда даттау - кез келгеннің қолынан келеді. Мықты болсаң - даттамай көр!

Әбіш Кекілбаев

Жеке тұлғаның өзіндік ойы мен ақыл таразысы болады.
271 viewsBekzhan Bazarbek, edited  14:55
Ашу / Түсініктеме
2022-08-14 17:42:54 Әйелі күйеуіне еркелеп: -Жаным, саған мені әйел қылып ал деп кім айтты?-десе. Күйеуі: -Білмеймін дұшпандар көп қой! -депті.

ой не могу
268 viewsBekzhan Bazarbek, 14:42
Ашу / Түсініктеме