Get Mystery Box with random crypto!

Алуа Балқыбекова ширек финалда Үндістанның Нью-Дели қаласында | © BEK Sport

Алуа Балқыбекова ширек финалда
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова жеңіске жетті.
Ол 48 келіге дейін салмақтың ширек финалына өту үшін респйлік Юлия Чунгалаковамен жұдырықтасты.
Қос боксшы да бір-бірін жақсы біледі. Екі қарсылас осыған дейін 4 рет кездесіп, оның үшеуі Алуаның жеңісімен аяқталған. Ресейлік боксшы үш раунд бойы реванш алуға тырысқанмен, шабуылда шапшаңдықпен ерекшеленген Алуа одан басым түсіп, келесі айналымға өтті.
Бұған дейін 54 келідегі Жайна Шекербекова да ширек финалға жолдама алған.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова былтырғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.