Get Mystery Box with random crypto!

​Қайда барсаң әңгіме Squid Game туралы. Инстаграмда Louis Vuit | Beautylogic

​Қайда барсаң әңгіме Squid Game туралы. Инстаграмда Louis Vuitton парақшасын ашып қалсам, сериалда қашқын қыз Кан Се Бёк рөлін ойнаған Ho Yeon Jung суреті тұр екен. Louis Vuitton ресми аккаунтында ендәгәрі Хо Ён Жуң Global House сән, сағат және зергерлік бұйымдардың жаңа амбассадоры болатыны жазылыпты. «Кальмар ойыны» сериалы 27 жасар модель танымалдығын арттырып жіберген. Netflix-те сериал шықпай тұрып оның аккаунтына жазылушылар саны 400 мың шамасында болған. Қазір 16,7 млн (бұл сан әлі де өсуі мүмкін, соңғы бір тәулікте ғана 1,5 млн фоллоуер қосылды). Бірақ Ho Yeon Jung-ның модельдік карьерасында Louis Vuittonмен қызметтестік кеше басталған жоқ. Ол 2017 жылы Louis Vuitton сән көрсетіліміне қатысқан болатын. Ол кездегі образы, шашының түсі де басқа еді. Сізге қай образы ұнайды, қою қара шаш па әлде жирен бе?