Get Mystery Box with random crypto!

​Қандай крем сатып алам деген сұрақты жиі естимін. Бетіңе не қ | Beautylogic

​Қандай крем сатып алам деген сұрақты жиі естимін. Бетіңе не қажет деймін ондайда. Теріңіз сұрланып, солғын тартып, ауру адамның өңіндей болса, бетіңізге әр беру керек. С витаминді сарысу, эссенция алып, ниацинамиді бар крем жағуды ұсынар едім. Безеу, қызару сияқты проблемаларды салицил мен азелаин қышқылдары шеше алады. Бір компонент кремде, бір компоненті эссенция, серум сияқт құралда болса тамаша. Кейде екі компоненті де бар заттар да кездесіп қалады. Ұсақ әжімдермен күреске ретинол мен церамидтер тамаша. Айтпақшы суық түсіп, ретинол маусымы басталды. Ретинол пилингтерін, маскаларын қорықпай жасай беруге болады. Сонымен қандай крем аламын дейтіндерге қысқаша кесте жасағандай болдым