Get Mystery Box with random crypto!

​86 жасына қараған шағында танымал модельер, кутюрье, стилист, | Beautylogic

​86 жасына қараған шағында танымал модельер, кутюрье, стилист, фотограф Карл Лагерфельд қайтыс болды. Карл Лагерфельд 1984 жылы Karl Lagerfeld Impression өз киімдер линиясын шығарды. Ал он жылдан соң  Chanel үйінің көркемдік директоры болды. Сонымен қатар Chloé, Fendi және мода индустриясының басқа да лидерлерімен жұмыс жасады.Chloé, KL, Jako парфюмдерінің авторы. Кутюрье фотографияға қызығатын, бірнеше кітап жазды, тіпті баспа үйін де ашты. Ол бір сұхбатында жеке кітапханасында 300 мыңнан астам кітап бар екенін айтқан. Кітап пен парфюм туралы айтсақ
Paper Passion иіссуын айту керек. Кітаптың хош иісі бар бұл парфюмды —  Гез Шоен, Герхард Штайдл, Wallpaper Magazineмен бірлесіп жасап шығарды.  Сән әлеміндегі осындай гигант, интелектуал, біртуар тұлға бүгін көз жұмды. Бақұл бол, Карл Лагерфельд.