Get Mystery Box with random crypto!

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША Ш | Қостанай облысы білім басқармасы

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 5 маусым мен 5 шілде аралығында барлық облыстардың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізеді.

Елімізде 14 149«AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау депозиті ашылған.

Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 144 мыңнан астам студент бітіреді.

Павлодарлық оқушы VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана жасап шығарды.

Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға өзі ойлап тапқан әдіс арқылы домбыра үйретіп жүр.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға батқан баланы құтқарған ақтөбелік оқушыны марапаттады.

5000 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін демалады.

Патронат тәрбиешілер қызметінің төлемақысы 35 айлық есептік көрсеткішке артты.

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі.

Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысы басталды.